Орталық Азия елдері ынтымақтастықты бекемдеуде

Еуразия күн тәртібі – 83

1682926
Орталық Азия елдері ынтымақтастықты бекемдеуде

Бүгінгі бағдарламамызда Ташкентте өткізілген «Орталық және Оңтүстік Азия: Аймақтық тәуелділік, сынақтар мен орайлар» конференциясына тоқталамыз.

2021 жылы 15-16 шілдеде Ташкентте көлемді қатысумен «Орталық және Оңтүстік Азия: Аймақтық тәуелділік, сынақтар мен орайлар» конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға Ауғанстан президенті Ашраф Ғани, Пәкістан премьер-министрі Имран Хан, Еуропа Одағы Сыртқы істер және Қауіпсіздік саясаттары жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Фонтельес, 20-дан астам елдің сыртқы істер министрлері, бюрократтар, мамандар, журналистер қатысты. Аймақта ықпалды болған АҚШ, Қытай, Ресей сияқты елдердің өкілдері де конференцияға қатысты.

Конференцияда Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасындағы қарым-қатынастар, Ауғанстанның болашағы тақырыптары қолға алынды. Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасындағы қарым-қатынастарды дамыту үшін қатынас, сауда, энергия мен қауіпсіздік қарым-қатынастарын басты орынға көтеру керектігі талқыланды. Тараптар аймақтар арасындағы барыс-келісті жиілестіруге келісті. Конференцияның қорытынды мәлімдемесінде Ауғанстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасындағы «Аймақтық көпір» деп қабылданды.

Конференция аясында көптеген екі жақты және көп жақты кездесулер өткізілді. 2021 жылы 15 шілдеде Ташкентте Түрікменстанның талабына сай Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлері жиналысы өткізілді. Жиналыста аймақ елдері лидерлерінің бейресми саммитінің тамыз айында Түрікменстанда өткізілетіні білдірілді.

Ташкентте 15 шілдеде АҚШ президентінің ақылшысы Элизабет Шервуд Рэндалл және Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен жиналыс өтті. 5+1 үлгісіндегі жиналыстың басты тақырыбы Ауғанстандағы жағдай мен оның Орталық Азияға әсері болды.

Конференция аясында Өзбекстан, Ауғанстан және Пәкістан Сыртқы істер министрлері мен АҚШ президентінің ақылшысы Ауғанстан мәселесіне шешім қарастыру мақсатымен төрт тарапты жаңа бір платформа құрылатынын жариялады.

Конференцияға орай Өзбекстанға ресми сапармен барған Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Ташкентте рәсіммен күтіп алынды. Шавкат Мирзиеев пен Имран Хан кездесуінен кейін тараптар арасында 8 келісімге қол қойылды. Ташкентте ұйымдастырылған Өзбекстан-Пәкістан Бизнесс форумында 500 миллион долларлық келісім жасалғаны хабарланды. Сапар кезінде Ауғанстан мәселесін шешуге бағытталған көп тарапты жиналыстың Пәкістанда өткізілетіні білдірілді.

Конференцияға қатысу үшін Өзбекстанға барған Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу алдымен Қоқан қаласында кездесулер өткізді. Артынан Ташкентте президент Мирзиеев тарапынан қабылданды. Чавушоғлу конференция аясында әріптестерімен кездесу өткізді.

Ауғанстандағы жағдай және аймақтағы шындықтар Орталық және Оңтүстік Азия елдерін тығыз ынтымақтастық жасауға итермелеуде. Шавкат Мирзиеевтің талпынысымен өткізілген аталмыш конференция ұқсас жиналыстардың жиі-жиі өткізілуіне де дәнекер болады. Конференцияда Ауғанстанның Орталық және Оңтүстік Азия арасында «Аймақтық көпір» ретінде қабылдануы маңызды. Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылық орнаса, аймақтық ынтымақтастықты барлық салада арттыру және осы процеске Ауғанстанның белсенді қатысуы да мүмкін болмақ.



Ұқсас жаңалықтар