Стамбулда карикатура мұражайы бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 83

1679932
Стамбулда карикатура мұражайы бар екенін білетін бе едіңіз?

Стамбулда карикатура және әзіл мұражайы мен кітапханасы бар екенін білетін бе едіңіз?

Музей алғаш рет 1975 жылы Карикатура суретшілер қауымдастығының бастамасымен Стамбул муниципалитеті тарапынан ашылып, 1980 жылы жабылды.

1989 жылы қайтадан ашылған Карикатура және әзіл мұражайы Түркияның әлеуметтік тарихын құжаттайтын бір мәдениет жинағын әр түрлі іс-шаралармен қазіргі заманда бейнелейді. Сондай-ақ басқа елдердің ұқсас ұйымдарымен байланыс орнатқан мұражайда жеке немесе аралас көрмелермен әлемдік карикатура өнерінің танымал тұлғалары да таныстырылады.

Мұражайда бір маманның бақылауында түпнұсқалық полиграфия шеберханасында жұмыс істеу мүмкіндігі бар.

Мұражайда түрік карикатурасының басталғаннан бүгінге дейінгі кезеңдерін үлгі және құжаттарымен түсіндіретін бір бөлім бар. Түрік және әлем суретшілерінің туындылары орын алып танытылатын бөлімде ай сайын кем дегенде бір көрме ашылады.

Кітапхана бөлімінде болса Түркияда және әлемде жарияланған карикатура, әзіл-оспақтар және бұл тақырыптағы басылымдар орын алады. Кітапхананың мұрағат бөлімінде түрік және шетелдік бұрынғы немесе қазіргі карикатурашылардың жұмыстары қойылған.



Ұқсас жаңалықтар