Садыр Жапаровтың Орталық Азия елдеріне сапары

Еуразия күн тәртібі – 82

1678480
Садыр Жапаровтың Орталық Азия елдеріне сапары

Бүгінгі бағдарламамызда Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Орталық Азия аймағындағы елдерге жасаған сапарына тоқталамыз.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров президент болғаннан кейінгі алғашқы шетел сапарын жалғастыруда. Садыр Жапаров 2021 жылы 27-29 маусым арасында Түрікменстан мен Тәжікстанға ресми сапармен барды. 2 шілдеде Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты Әзербайжанға жолдады. Енді осы сапарларға тоқталамыз.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2021 жылы 27-28 маусым арасында Түрікменстанға ресми сапармен барды. Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Ашкабатта Жапаровты ресми рәсіммен күтіп алды. Түрікменстан-Қырғызстан лидерлері оңаша кездесті. Артынан делегациялар арасында жиналыстар өткізілді. Тараптар 100 миллион долларлық ортақ өркендеу қорын құру, түрікмен табиғи газы мен электр энергиясының Қырғызстанға күз бен қыс айларында жеткізілуі, Бішкекте түрікмен сауда үйінің және Ыстық көлде Түрікменстан қонақ үйінің салынуы тақырыптарында келісімге келді. Түрікменстан мен Қырғызстан арасында жалпы 14 келісімге қол қойылды. Сапар аясында Түрікмен-Қырғыз Бизнесс форумы ұйымдастырылды.

Президент Садыр Жапаров 2021 жылы 28 маусымда Түрікменстаннан Тәжікстанға өтті. Тәжікстан президенті Имамали Рахман Душанбеде Жапаровты ресми рәсіммен күтіп алды. Екі лидер алты сағаттан астам оңаша кездесу өткізді. Артынан делегациялар арасындағы кездесулер басталды. Жиналыстар соңында 4 келісімге қол қойылды.

2021 жылы 2 шілдеде Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Әзербайжанға сапармен барды. Руслан Қазақбаев Бакуде Әзербайжан Мәжіліс төрағасы, Премьер-министрі, Сыртқы істер министрі және басқа лауазымдылармен кездесу өткізді. Әзербайжан мен Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кездесуінде екі жақтылы және аймақтық мәселелер қолға алынды. Кездесу соңында екі ел Сыртқы істер министрліктерінің 2021-2022 жылдарды қамтыған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды. Қазақбаевтың Бакуге президент Садыр Жапаровтың хатын президент Ильхам Әлиевке беру үшін келгені және хатта екі жақтылы қарым-қатынастарды стратегиялық өреге көтеру, Орталық Азия+Оңтүстік Кавказ (5+3) Ынтымақтастық платформасын құру ұсынысы жазылғаны білдіріл

Президент Садыр Жапаровтың сыртқы саясатта аймақтағы ұқсас тағдырдағы бауырлас, көрші елдерді басты орынға қоюы мақтауға татиды. Бауырлас елдермен береке-бірлік пен ұйымшылдық жасамай өркендеу, алпауыттардың қысымына төтеп беру қиын. Орталық Азия лидерлерінің бейресми саммитінің биыл Түрікменстан немесе Қырғызстанда өткізілуі күтілуде. Ашкабатта Жапаров пен Бердімұхаммедовтың осы тақырыпта бір шешімге келгенін мөлшерлеуге болады.

Ауғанстаннан келетін қауіпсіздік алаңынан құтылу және Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауы аймақ елдерінің күшін бірлестіруімен ғана мүмкін болмақ. Жапаровтың шекарада қақтығыстар болғанына қарамай, Душанбеге сапарлай баруы Ауғанстанға байланысты қауіпсіздік мәселесін аймақ елдерінің ортақ шешуі талпынысы деуге болады.

Президент Садыр Жапаров ұсыныс еткен Орталық Азия+Оңтүстік Кавказ (5+3) Ынтымақтастық платформасын құрудың уақыты келген көрінеді. Өйткені ұзақ жылдардан бері алауыздық туғызған Каспийдің мәртебесі шешімге қауышты. Кавказ және Орталық Азия лидерлері өзара бас қосуда. Енді Тәңір тауларынан Ағры тауларына дейінгі елдердің күштерін бірлестіргені жөн. Орталық Азия+Оңтүстік Кавказ (5+3) Ынтымақтастық платформасы құрылған жағдайда маңызды міндеттер атқаруы мүмкін.


 



Ұқсас жаңалықтар