Хулуси Акар Орталық Азия елдеріне барды

Еуразия күн тәртібі – 81

1676574
Хулуси Акар Орталық Азия елдеріне барды

Бүгінгі бағдарламамызда Түркия Республикасы Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акардың Орталық Азия Республикаларына жасаған сапарына тоқталамыз.

Түркия Республикасы Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 2021 жылы 28 маусым мен 2 шілде арасында Орталық Азия елдері Қырғызстан мен Тәжікстанға сапармен барды. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 28 маусымда Қырғызстанға барды. Хулуси Акар Қырғызстанда әріптесі Таалайбек Өмүралиев тарапынан әскери рәсіммен күтіп алынды. Ұлттық Қорғаныс министрлері алдымен оңаша, артынан делегациялар арасында кездесу өткізді. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Қырғызстан президенті Садыр Жапаров тарапынан қабылданды. Кездесуде екі жақтылы қарым-қатынастарға байланысты мәселелер мен аймақтық тақырыптар қолға алынды. Айта кетейік, екі ел арасындағы қорғаныс саласындағы қарым-қатынастар 1990 жылдардан бері жалғасуда. Ұлттық Қорғаныс министрі Акар Бішкекте Атабейіт ескерткішіне және Шыңғыс Айтматов Мұражай үйіне зиярат жасады. Мұражайдағы естелік кітабына қол қойды.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 30 маусымда Тәжікстанға барды. Акар Душанбеде әріптесі Шерали Мирзо тарапынан рәсіммен күтіп алынды. Екі жақтылы және делегациялар арасында кездесулер өткізілді. Сапар соңында Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Тәжікстан президенті Имамали Рахман тарапынан қабылданды.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар сапардан оралғанда журналистерге жасаған мәлімдемесінде қырғыз және тәжік әріптестерін Түркияда өтетін Қорғаныс өнеркәсібі форумына шақырғанын, олардың шақыруды қабылдағанын білдірді. Түркия өндірген қорғаныс өнеркәсібі өнімдеріне қырғыз және тәжік армиясы қызығуда. Түркия өндірген Ұшақ соғарлар, Адамсыз әуе көліктері мен Қарулы адамсыз әуе көліктеріне Орталық Азия Респбуликалары мұқтаж болуда.

Хулуси Акар сонымен бірге білім беру, тәжірибе алмастыру, ортақ әскери жаттығу өткізу тақырыптарында келіскендерін айтты. Әскери білім беру, мәлімет пен хабар бөлісу, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты бекемдеу, жаңа ұрпақ қарулармен қамдау, сандық қауіпсіздік сияқты салаларда ынтымақтастық жасау өте маңызды. Сондықтан осы салалардағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыру барлық тарапқа пайдалы болмақ.

Түркияның Орталық Азия Республикаларымен әскери-техникалық салалардағы байланыстары жақсы өреде. Осы қарым-қатынастарды стратегиялық өреге жеткізудің уақыты келді.

Ауғанстанның Орталық Азия Республикаларымен шекарасында болған оқиғалар Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайының нашарлығын көрсетеді. Ауғанстанда тұрақтылық болмаса, Орталық Азияның өркендеуі де мүмкін емес. Аймақтық қауіпсіздікті қамдауда Түркия Орталық Азия Республикаларының аймақ сыртындағы ең ірі ортағы болады. Ауғанстанның қауіпсіздігін сақтауда Түркияның қазіргі міндетін жалғастыруы Орталық Азия Республикалары үшін де маңызды.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар өткен жылы Қазақстан мен Өзбекстанға сапарлай барды. Осы жолғы сапар Түркияның Орталық Азия Республикаларымен қорғаныс ынтымақтастығын тың өреге көтеру ниетінің бейнесі. Анкараның Орталық Азиядағы салмағын арттыруы, одақтастарымен ынтымақтастығын бекемдеу, бауырластық қолын созу тұрғысынан өте маңызды болып табылады. Түрік Кеңесі шаңырағы астында Қорғаныс Ақылдасу кеңесінің құрылуы да пайдалы болады.


 



Ұқсас жаңалықтар