Әлемнің тұңғыш биржасы

Анадолының тұңғыштары - 10

1653401
Әлемнің тұңғыш биржасы

 

Жаңалықтарға, өнертабушылыққа жетекші болады АнадолыАлғашқы ақша осы жерде басылады және алғашқы банк осы территорияда құрылады. Алғашқы сауда орталығына да осы жерлер мекен болған.  Әлемге пішін берген сауда мен экономиканың іргетасы осы Анадолыда қаланады, биржа да бірінші рет осы жерге іске асырылады.

         Биржа жалпы айтқанда мемлекет бақылауында алып-сату істері жүргізілген нарық деп атауға келеді.  Ел экономикасының  дамуында және нығаюында маңызды факторлардың бірі деп қаралады. Биржа тарихына көз жүргірткенімізде, 14-15-ғасырларға дейін баратын мәліметтер шығады алдымызға. Алайда Рим және Финикиялықтардың жазбаларынан биржаның тарихының біздің дәуірімізден 1500 жыл бұрынғыға баратынын көреміз. Осы өркениеттер сол кезде құрылған жәрмеңкелерімен биржаның іргетасын қалады деп ойлауға болады.  Негізінде тақырып осы жәрмеңкелермен шектеулі емес. Бүгін Күтахияның Чавдархисар ауданындағы Айзаной ежелгі қаласы әлемдегі тұңғыш биржа деп аталады.

**

Айзаной – ежелгі дәуірде Фригияның бір қаласы.  Фригтер хеттерден кейін Анадолыдағы ең байырғы халық деп есептеледі. Аңыздарымен танымал король Мидас, әрбір ұстағаны алтынға айналған немесе есектікіндей құлағы бар король Мидас, міне сол фригтердің патшасы.  Фригтер осы жерлерде көптеген жаңалыққа қолтаңба басқан өркениет. Мысалы бүгінгі күні кең қолданылатын түйреуіштің атасы «Фибуланы» бірінші рет ойлап тапқан осы фригтер.  Флейта және кейбір музыкалық аспаптарды ойлап тауып қолданған да солар. Алғашқы дәуірдің атақты географы Страбонның айтуынша даф және лир секілді аспаптарды да фригтер ойлап тапқан. Жануарлар туралы ертегілерді де бірінші рет осы фригтерде кездестіреміз.  Себебі осы ертегілердің жаратушысы Езоп – Фригиялық. Анадолының тұңғыш зергерлері болған,  әлемнің танымал ең ескі мозайкасын әшекейлеген фригтерді айтып тауыса алмаймыз. Осы тақырыпты келесі бағдарламаларымызға қалдырып, бүгінгі тақырыбымызға оралайық.

 **

Фригия қаласы Айзаной Рим дәуірінде дақыл, жүзім және жүн өндірісінің арқасында байиды және атағы аймақ шегінен асады.  Осы дәуірде көптеген құрылыс салынады,  қала жарқын дәуіріне өтеді.  Ерте Византия дәуірінде епископтық орталығы болса да, кейіннен осы маңызынан айрылып қалады.

1824 жылы еуропалық саяхатшылардың назарын аударған Айзаной қайтадан ашылады.  Алайда алғашқы қазбалардың басталуы үшін бір ғасыр өту керек болады. Осы қазбаларда Анадолыдағы ең жақсы сақталған Зевс храмы,  стадион, театр комплексі, бағаналы жол,  екі монша, агора, гимназия, көпірлер, некрополдер табылады. Сол дәуірдің ең көркем қалалары Бергама, Сиде және Эфес секілді керемет жер болған Айзаной жүздеген жылдан кейін салтанатын қайтадан жарыққа шығарады.

Грек мифологиясында құдайлардың құдайы Зевс Олимп тауында өмір сүреді.  Анадолыда да аты Олимп деп аталатын жиырмадан астам тау кездеседі. Солай болғандықтан құдайлардың құдайы Зевс үшін көптеген алтарь және храм салынады. Ежелгі дәуірде Зевс өте маңызды деп есептелген. Айзанойдегі храм ежелгі дәуір ғимараттары ішінде бүгінге дейін пішінін жақсы сақтаған Анадолыдағы сирек үлгілердің бірі.  Анадолының ең жақсы сақталған Зевс храмы деп есептеледі.  Бірақ сонымен бірге әлемдегі ең жақсы сақталған Зевс храмдарының бірі деп қабылданады.  Анадолыда көп үйреншікті емес өзіне тән бір жоспарда салынады осы храм. Тіпті сол кезде оған ұқсайтын храм жоқ. Зевс храмы 124 бағанамен қоршалып жоспарланады және осы бағаналардың үсті мәрмәрмен қапталады. Міне,  осы архитектуралық стиль оны өзге храмдардан айырады. Храмды басқа храмдардан бөлетін ең маңызды ерекшелік болса едені. Едені оригинал қалпында бүгінгі күнге жеткен. Мистикалық осы жерге бүгінгі күні баспалдақпен түсіп жетуге болады.  Бұрын тек монахтар ғана түскен.  Бұл алаң жөнінде көптеген пайым жасалған. Құдай Зевске ұсынылған сыйлықтар сақталған бір қойма немесе көріпкелдік орталығы болуы мүмкін деп айтатындар бар. Аңызға қарағанда, Зевс бір үңгірде туылғандықтан, осы жерді үңгірге ұқсатып салған болу керек деген болжам да бар.

**

1970 жылы Чавдархисарда жер сілкінісі болады. Берген зияны және жан шығыны жағынан Түркиядағы алтыншы жер сілкінісі деп тіркеледі осы Гедиз жер сілкінісі. Чавдархисар үйіндіге айналады, бірақ күлінен қайта туған Феникс құсы секілді үйінділер арасынан бір ғимарат жарыққа шығады. Әлемнің ең байырғы, тұңғыш сауда биржасы Макеллум. Рим дәуірінде күн сайын жаңа ет, балық және басқа да азық-түлік сатылатын дүкендермен қоршалған дөңгелек пішінде базар. Айзанойдегі макеллум болса әлемнің алғашқы биржасы болуымен қатар,  тарихта инфляциямен күрес басталған алғашқы жер. Сол кездің Рим императоры бастаған күрес әдісі өте қарапайым.  Империя базарында, яғни макеллумда сатылған барлық өнімдер үшін ең жоғары баға анықталады.  Мақсат – халықтың бір өнімді бір бағадан алуы, жоғары бағаның алдын алу. Сатылатын тауарлардың анықталған бағасынан артығына сатуға тыйым салынады. Императордың осы жарлығы базардың қабырғасына ойып жазылады. Жарлықта адамдардың ашкөздігі және малқұмарлығы себебімен мемлекетте тыныштық қалмағаны және сондықтан осы баға теңгерімінің жарияланғаны жазылады. Тасымал, жалақы, жұмыс күші, алынып сатылатын тауарлар, сауда қатынасы және әлеуметтік тұрмыс тақырыбында мәлімет алуды қамдайтын маңызды құжат осы жарлық.

 **

Айзаной жаңалықтары және керемет ғимараттарымен танымал.  Қаланың театр және стадионына ұқсас ғимарат әлемнің басқа жерінде жоқ. Себебі осы ғимараттар бірге тұр. Осы ерекшелігіне байланысты ЮНЕСКО Әлемдік мұралардың уақытша тізіміне енгізілді.  Екі қақпамен бір біріне байланысып тұрған театр он бес мың,  стадион он үш мың көрермен алады. Театрдың акустикасы мықты және керемет әшекейлерімен назар аударады.  Айзаной стадионында олимпиадалар ұйымдастырылғаны белгілі. Алайда ғимараттың оригиналы бір арена. Яғни гладиаторлар соғысқан жер.  Гладиаторлар бір бірімен, жабайы жануарлармен немесе қылмыстылармен күрескен, сол кезде осы істі спорттық жарыс деп қабылдаған.

Айзанойде Римнің екі моншасы бар.  Біріншісі театр стадион комплексі мен  Зевс храмының арасында. Едәуір үлкен. Екінші монша болса керемет әшекейлері және едендегі мозайкаларымен назар аударады. Монша еденінде жақсы сақталған мозайкалар шеберліктің айғағы. Сол кезде мозайка өнерінің қаншалықты дамығанын дәлелдейі. Христиандық қабылданғаннан кейін моншаның осы мозайкалы бөлімі базиликаға,  артынан шіркеуге айналдырылған.

**

Мыңдаған жылдық тарихты бүгінгі күнге жеткізген,  құрылған күнінен бері түрлі мәдениеттерге мекен болған, көркем қала Айзаной.  Фригтерге,  Рим империясына, Византияға, Селчуктарға мекен болған.  Бір жер сілкінісінде жермен-жексен болады,  бірақ тарих «мен мұндалап» қайта оянады. Жер сілкінісінен кейін ортаға шығарылған көркем сұлу қала керемет архитектуралық ғимараттары себепті «екінші Эфес» деп те аталады.

 Бүгін сіздерге әлемнің тұңғыш биржасы,  Анадолының ең жақсы сақталған Зевс храмы және әлемде теңдесі жоқ театр-стадион комплексі туралы айтып бердік.

 

 



Ұқсас жаңалықтар