Кыркпынар майлы күрестерінің әлемнің ең ұзаққа созылған спорттық жарысы екенін білетін бе едіңіз?
Бұларды білетін бе едіңіз? - 75



Кыркпынар майлы күрестерінің әлемнің ең ұзаққа созылған спорттық жарыс болып саналатынын білетін бе едіңіз?
Түріктердің ұлттық спорты ретінде қабылданған күрес адамзат тарихындағы ежелгі спорт түрлерінің бірі болып табылады. Түркияда күрес деген кезде Кыркпынар майлы күресі еске түседі. Майлы күрес балуандардың белі және аяғына арқанмен байланған былғары шалбар (киспет) киіп, зәйтүн майымен май жағылып шымдардың үстінде өтетін күрестің бір түрі. 14-ші ғасырда ортаға шыққан майлы күрес жарысы әлемнің ең ұзаққа созылған спорттық шарасы болып саналады.
Аңыз бойынша Кыркпынар майлы күрестері 1361 жылы түріктердің Фракияға өткімен басталған. 650 жылдан астам уақыттан бері өткізіліп келе жатқан жарыстар Эдирненің Сарайичи қаласында өтеді. Бір аптаға созылатын Кыркпынар майлы күресі маусымның аяғы мен шілденің басында өтеді.
Жарыстарда жеңіске жеткен балуан «Бас балуан» атағын алып, алтын белбеуді иемденеді және бір жылдан кейінгі жарысқа дейін бұл алтын белбеуге ие болады.
Кыркпынар майлы күресі 2010 жылынан бері ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мұра тізімінде орын алады.