Ататүріктің 19 мамыр 1919 жылын өзіне туған күн ретінде таңдағанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 74

1644251
Ататүріктің 19 мамыр 1919 жылын өзіне туған күн ретінде таңдағанын білетін бе едіңіз?

1919 жылы 19 мамыр күні Анадолыда ұлтазаттық күресті бастау үшін Самсунға барған Ататүріктің сол күнді «менің туған күнім» деп таңдағанын білетін бе едіңіз?

 

Түріктің ұлтазаттық соғысы басталған күні деп қабылданған 1919 жылы 19 мамыр күні Түркия Республикасына апаратын жолдың алғашқы қадамы басылды. Отанын және ұлтын өте жақсы көретін Мұстафа Кемал Ататүрік ұлтының «қайта тірілу» күні деп атаған бұл маңызды күнді өзіне туған күн ретінде таңдады.

1936 жылы Ұлыбритания патшасының өтініші бойынша ағылшын елші ресми хат арқылы Түркия Республикасы президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің туған күнін сұрайды. Алайда Ататүрік дүниеге келген кезде оның туған күні төлқұжатта жазылмаған. Осы себепті Ататүрік түрік ұлтының «қайта тірілу күні» деп санайтын 19 мамыр күнін өзіне «туған күні» болып таңдайды. Сол жылы Ұлыбритания патшасы Ататүрікке «туған күніне» орай 19 мамыр күні құттықтау жеделхатын жолдайды.

1928 жылы алғаш рет Стамбулда ұйымдастырылған «Гимнастика фестивалі» 1936 жылы 19 мамыр күніне дөп келтіріліп, «Жастар мерекесі» мәртебесіне ие болады. 1938 жылы «ұлттық мереке» ретінде жарияланған 19 мамыр күні 1981 жылдан бастап «Ататүрікті еске алу, жастар  және спорт мерекесі» деп аталады.



Ұқсас жаңалықтар