Тарихтағы тұңғыш банк

Анадолының тұңғыштары - 7

1638087
Тарихтағы тұңғыш банк

Бүгінгі күні банктерде көптеген операцияны жасауға болады және өмірімізде банктердің өте үлкен орны бар.  Тек бүгін үшін емес оның үстіне, банк пайда болғаннан бері адам баласы жиі қолданған құрылым. Тарихта алғашқы банк қызметтерінің бұрынғы шумер және Вавилонға дейін баратыны айтылады.  Сол кезде банктердің диқандарға тұқым және құрал-сайман алу үшін несие ашқанын айтады мамандар. Вавилон билеушісі Хаммурабидің атақты заңдарында қарыздың қалай төленеті туралы да баптар бар.

Ол кезде ақша табылмағандықтан қарыздар да, төлемдер де түрлі тауарлар арқылы жасалады.  Анадолының батысында билік құрған Лидия патшалығы тарихтағы тұңғыш металл ақшаны тауып, оның қолданысқа шығарғанға дейін.  Сауданың дамуы мен экономиканың жетілуін қамдайды осы өте маңызды жаңалық. Алғашқы металл монета басылғаннан кейін осы жағрапияның бәлкім тұңғыш банкі Лидия патшалығының бас қаласы Сардесте құрылады. Себебі лидиялықтар ақшаны тапқаннан кейін осы құнды кендерден басылған монеталарды қорғау және сақтау үлкен проблемаға айналады. Ең сенімді сақтау әдісі топырақтан жасалған бір құмыраның ішіне салып, жердің астына көму. Қазына іздеушілердің аранын ашатын осы әдіс кейде археологиялық жаңалықтарға жол ашады, кейде үлкен қиратушылыққа жол ашты. Жердің астына көмуден басқа ақшаны сақтаудың басқа бір әдісі де храмдарда жасыру болатын.  Ежелгі дәуірдің ең сенімді жерлері себебі храмдар.  Себебі құдайдың қорғауында деп есептеледі.  Храмдардағы дін қайраткерлеріне белгілі мөлшерде ақша төлеп, адамдар ақшаларын сақтай алатын еді.

Тарихы белгілі алғашқы монеталар Эфес Артемида храмының іргетасында табылса да,  ежелгі Сардес қаласындағы храм өзін тарихтағы тұңғыш банк деген атақты беретін бір ерекшелікке болды. Храм қабырғасындағы бір жазу оны басқа храмдардан ерекшелейді. Себебі ол жазуда алғашқы банк қызметінің осында берілгені жазылған. Қай уақытта,  кімге,  қанша қарыз берілгені, қарыздың қарымжысы ретінде қай тауарлар алынғаны,  қарыз төленбеген жағдайда берілетін жазалар осы жазуда жазылған.  Бір құжат іспеттес. Бұл да храмның банк секілді қолданылғанын дәлелдейді. Сардестегі Артемида храмы 800 жыл бойы қолданылса да, ешқашан аяқталмаған. Ғимараттың бітпеген жерлері храмның қалай жобаланғанын көрсетеді. Сардестегі Артемида храмы әлемдегі Иония стиліндегі храмдар арасында үлкендігі жағынан төртінші кезекте. Осы керемет жоба ежелгі дәуір архитектор, инженер және құрылыс шеберлерінің біліктілігін түсіну үшін өте маңызды.

**

Ежелгі Сардес қаласы тек алғашқы монеталар басылған немесе алғашқы банк жүйесі құрылған жер ретінде ғана назар аудармайды.  Осы бай өркениеттің бас қаласы геотермалды энергиясымен де назар аударады. Айырықша Анадолыда алғашқы канализация жүйесі жүзеге асырылған және дренаж жүйесімен батпақтар кептірілген алғашқы қала ретінде де танымал. Оның үстіне бұларды бүгінгі күні өз атымен аталған математикалық теоремаларымен танымал математик, сонымен бірге философия мен Ежелгі Гректің жеті данасының алғашқысы ретінде тарихта қалған Фалес жүзеге асырған.

Жер сілкінісі белдеуінде орын алған Лидия патшалығының бас қаласы көптеген мәрте жер сілкінісіне душар болған.  Рим дәуіріндегі жойқын жер сілкінісінің артынан геотермалды жүйенің үйлер мен дүкендердің жылытылуында қолданылғаны айтылады. Себебі жүргізілген қазбаларда кейбір дүкендерде және үйлердің ішінде шағын хауыздарға және дүкендердің ішінен жоғары қарай көтерілген су құбырлары кездескен. Негізінде осы су құбырлары қаладағы басқа бір маңызды ғимарат Гимназияға жылы су тасиды және гимназияның артындағы монша хауызын толтырады. Моншаның ішіне тасымалданған жылы сулардың үй мен сауда мекендеріне де берілуі арқылы тағы бір жаңалық жасалады. Қала ежелгі дәуірде геотермалды энергиямен жылытылады.

**

Ежелгі Сардес қаласында Мысырдағы Гиза платосынан да үлкен қабірстан алаңы бар. Осы алаң Түркиядағы аумағы ең кең қабірстан, бәлкім әлемдегі ең үлкен зират жері  - Бин тепе. Қаланың солтүстігіндегі Бин Тепедегі қорған мазарлар ежелгі дәуірде болғаны секілді бүгінгі күні де өте алыстан көрінеді. Ірілі –ұсақты төбешіктерден құралған осы алаң жер бетінен тыс басқа бір жерде жүргендей сезім сыйлайды.  Осы алаңға тек асылтекті және мемлекет қайраткерлері ғана көмілген.  Қабірдің үлкендігі мен биіктігі көмілген кісінің маңызына байланысты болған.  Сондықтан алаңдағы ең үлкен қабір Король Алиаттқа тиісті деген болжам бар.  Лидияда алтын мен күміс араласқан электрумнан жасалған алғашқы монеталарды бастырған және патшалықтың баюында үлкен рол ойнаған корольдің қабірі әлемдегі ең ірі обалардың бірі.  Алғашқы дәуірдің атақты тарихшысы Геродот король Алиаттың қабірін көріп, таңқалған. Осы қайран болуын мына сөздермен тілге тиек еткен: «Лидияда көруге тұратын бір ескерткіш нысан бар.  Мысыр мен Вавилиондағы ескерткіш ғимараттар бір шетте қалсын,  ол барлығынан асып түседі.  Бұл Крездің әкесі Алиаттың қабірі. Етектері үлкен тастармен өрілген төбе»

Қабір бөлмесі қарақшылар жете алмасын деген мақсатпен қорғанның орталығынан алысқа орналастырылған.  Алайда жүргізілген қазбаларда қабір қарақшыларының Рим дәуірінде қабір бөлмесіне туннельдер ашып, талағаны ортаға шыққан. Кейінгі кездерде де басқа қорғандар талан-таражға түскен. Қабірлерден көптеген әшекей бұйым мен дастархан бұйымдары тәркіленген. Сол кездің байлығын,  қол өнеріндегі шеберлікті көрсететін осы сирек туындылар көбіне шетелге қашырылған,  ежелгі жәдігерлердің коллекционерлеріне сатылған. Лидия қазынасы немесе Карун қазынасы деп аталған осы қазына қола, күміс және шеберлікпен жасалған көптеген алтын әшекей мен асхана бұйымдарынан тұратын еді.  Көп уақыт бойы Нью-Йорк Метрополитан мұражайында көрмеге қойылған қазына соңында құқықтық күрес нәтижесінде туған жеріне – Түркияға жеткізілді.

**

Анадолы – мыңдаған жылдан бері түрлі мәдениеттерге, нанымдарға, діндерге құшақ жайған,  олардың өсіп жетілуін қамдаған жер. Аркаикалық дәуірден бастап «құдайлар мекені» деп танымал болады Анадолы.  Мифологияда аты кездесетін құдайлардың барлығының дерлігінің мекені осы жер.  Кейінгі дәуірлерде үлкен қауымдарға әсер ететін бір құдайлы діндер осы топырақта тумаса да, таралуында маңызды рол ойнады. Міне,  сондықтан Лидия патшалығының бас қаласы Сардес алғашқы монеталар басылып,  ақша ретінде қолданылған,  атақты Патша жолы басталған жер болуынан да маңызды ежелгі қала. Себебі иудейлікке тиісті әлемдегі үшінші маңызды храм осы ежелгі қалада орналасқан.  Сардес синагогасы Еуропаның және Түркияның алғашқы синагогасы.  Сефарад синагогасы деп те аталған осы мекеннің сол кездегі Анадолының ең ірі және жалғыз синагогасы болғаны,  мың адам ғибадат еткені белгілі.  Осы ескерткішке айналған ғимарат бірнеше рет реставрациядан өткен, алайда өкінішке орай көп ешкім біле бермейді.

Бір құдайлы діндер дәуірінде Сардес ежелгі қаласы тек иудей нанымына тиесілі болмаған.  Христиандық үшін де маңызды рол ойнаған.  Себебі христиандық үшін маңызы зор Анадолыдағы алғашқы жеті шіркеудің бірі осында салынған.  Византия кезінде епископ орталығы болған.

 



Ұқсас жаңалықтар