"Көгілдір жұлдыз гүлінің" халықаралық келісіммен қорғалғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? – 71

1632518
"Көгілдір жұлдыз гүлінің" халықаралық келісіммен қорғалғанын білетін бе едіңіз?

Жыл бойы тек қана екі апталық мерзімге өсетін Еуропалық көгілдір жұлдыз гүлінің (Amsonia orientalis) «Халықаралық Берн конвенциясы» аясында қорғауға алынғанын білетін бе едіңіз?

 

«Еуропалық көгілдір жұлдыз гүлі» Трабзонның Тония ауданында шамамен мың 300 метр биіктіктегі Кадыралак жайлауын көктем сайын күлгін түске бояуда. Шынында да көк түсті бір жұлдызға ұқсайтын бұл сирек кездесетін гүл өкінішке орай тегі жойылып бара жатқан өсімдіктер қатарында.

«Халықаралық Берн конвенциясына» сәйкес қорғалған жіңішке ұзын жапырақты «Еуропалық көгілдір жұлдыз гүлі» өсетін таулы аймақ табиғат паркі болып ұйымдастырылды. Төрт бұрышы шырша ағашпен қоршалған жайлаудың көктемде күлгін түске безенуі теңдесі жоқ көріністер, ерекше бейнелер жасайды.

Жайлаудың бұл тамаша көрінісі әсіресе табиғат әуесқойлары мен фотографтардың аймаққа деген қызығушылығын арттырады.



Ұқсас жаңалықтар