Ресей Батыс елдерімен дағдарысқа кірді

Еуразия күн тәртібі – 70

1631756
Ресей Батыс елдерімен дағдарысқа кірді

Бүгінгі бағдарламамызда Ресейдің Батыс елдерімен қарым-қатынастарындағы соңғы жағдайға тоқталамыз.

2021 жылы 21 сәуірде Ресей президенті Владимир Путин Федералдық Мәжілістегі сөзінде «Ресейге дұшпандық көрсеткендерге» ескерту жасап, «Көпірлерді құлату ниетіміз жоқ, баршамен татулықты қалаймыз. Алайда біреулер біздің жақсы ниетімізді әлсіздік деп есептесе, Ресейдің жауабы симметриялды, жылдам және қатаң болады» деді. Путиннің осы үндеуі әсіресе батыстық елдерге бағытталды.

Соңғы кезде Батыс пен Ресей арасында өзара дипломатиялық жақтан шекарадан шығару оқиғалары жылдамдады. Әсіресе осы оқиғаларға көз жіберейік.

2021 жылы 15 сәуірде Ресейге санкция жасаған АҚШ 10 орыс дипломатты «қалаусыз адам» деп жариялады. 21 сәуірде Ресей де АҚШ-тың 10 дипломатының бір ай ішінде елден кетуін сұрады. 22 сәуірде АҚШ-тың Ресейдегі өкілетті елшісі Джон Салливан ақылдасу үшін Вашингтонға қайтты.

Сол күні Польша 3 орыс дипломатты «қалаусыз адам» деп жариялады. 16 сәуірде Ресей бұған жауап ретінде 5 Польша дипломатын шекарадан шығаратынын хабарлады.

2021 жылы 17 сәуірде Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш Праганың орыс жасырын ұйымының 2014 жылы бір қару қоймасында болған жарылыспен байланысы болғанынан күдіктенгенін, 18 орыс дипломаттың «қалаусыз адам» деп жарияланғанын хабарлады. Мұның қарымжысы ретінде Ресей 20 Чехия дипломатын шекарадан шығарды. Сол күні Украина мен Ресей өзара бір бірден дипломаттың елден кетуін сұрады.

2021 жылы 20 сәуірде Ресей екі болгар дипломатты шекарадан шығаратынын жариялады. Наурыз айында Болгария екі орыс дипломатты шекарадан қуған болатын.

2021 жылы 22 сәуірде Словакия пермьер-министрі Эдуард Хегер 3 орыс дипломаттың Чехиядағы жағдай себепті бір апта ішінде елден кетуін сұрады.

2021 жылы 23 сәуірде Чехиямен ұйымшылдық жасағандарын жариялаған Балтық елі Литва 2, Эстония мен Латвия бір бірден орыс дипломатын шекарадан шығаруға шешім жасады. Ресей де осы елдерге ұқсас өреде жауап берді.

Қауіпсіздік себепті Ресейдің Батыс шекарасына әскер жинаған, тараптар бірін бірі тыңшылық жасаумен жазғырған бір кезеңде дипломаттарды шекарадан шығару әрекеттері жалғасуы мүмкін көрінеді. Қазірше Шығыс Еуропа мен Ресей арасындағы бұл оқиғалар Батыс Еуропа елдері мен Ресей арасында туылуы да ықтимал. Күзде өткізілетін Дума сайлауына дейін Батыс қолдауындағы орыс оппозиционерлер 21 сәуірде болғанындай, протест ереуілдерін жалғастырады. Осы протесттер себепті оппозиционерлерге қолдау берген Ресейдегі дипломаттардың елден шығарылуы, Батыс елдерінің бұған жауап беруі әбден мүмкін. Онсыз да Батыс пен Ресей арасында барлау ұйымдарының күресі асқынып отыр. Ресей НАТО-ның өзін қоршағанын ойлауда, Батыс та Ресейдің жайылу саясатын атқарғанын алға тартып отыр. Осы қақтығыстардың аймақ елдеріне нашар әсерін тигізуі де табиғи болмақ.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.


 

 



Ұқсас жаңалықтар