23 сәуірдің әлем балаларының ортақ мереке күні екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 70

1627906
23 сәуірдің әлем балаларының ортақ мереке күні екенін білетін бе едіңіз?

 

23 сәуір Балалар мерекесінің 1979 жылдан бастап әлемдегі барлық балалардың мерекесіне айналғанын білетін бе едіңіз?

 

Мұстафа Кемал Ататүрік түрік балаларына сыйлаған бұл мағыналы мереке әлем балалары арасында сүйіспеншілік пен достық байланысын дамытуға және барлық адамдардың бейбіт өмір сүре алатын бір ортаның қалыптасуына үлес қосуды мақсат етеді.

1920 жылы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ашылған күні ретінде 23 сәуір балаларға «Сіздер, баршаларың болашақтың бір гүлі, жұлдызы және бір бақытты болып жарқырайсыңдар!» деген Ататүріктің қалауы бойынша 1929 жылдан бастап «Балалар мерекесі» ретінде атап өтіледі. Бүкіл әлемде балалардың алғаш және жалғыз мерекесі болған 23 сәуір күні 1979 жылдың ЮНЕСКО тарапынан «Балалар жылы» деп жариялауымен халықаралық тұғырға көшті.

Түркия Радио және Теледидар Корпорациясының сол жылдан бастап ұйымдастырған халықаралық 23 сәуір балалар фестивалі, әртүрлі құрлық пен елдердің балалары мен түрік балалары араласқан, бірге бұл керемет мерекені тойлайтын дәстүрге айналды.



Ұқсас жаңалықтар