Түрік Кеңесі Медиа және Информация жиналысы өтті

Еуразия күн тәртібі – 69

1627246
Түрік Кеңесі Медиа және Информация жиналысы өтті

Бүгінгі бағдарламамызда Түрік Кеңесі Медиа және Информацияға жауапты министрлер мен жоғары дәрежелі лауазымдылардың 3-ші жиналысына тоқталамыз.

2021 жылы 10 сәуірде Бакуде Әзербайжан президентінің орынбасары, Президенттік сарай Сыртқы саясат істері басқармасының төрағасы Хикмет Хажиевтің үй иесі болуымен Түрік Кеңесі Медиа және Информацияға жауапты министрлер мен жоғары дәрежелі лауазымдылардың 3-ші жиналысы өткізілді. Жиналысқа Қазақстан, Қырғызстан, Венгрия, Өзбекстан және Түркия басшылары қатысты.

Жиналыстың беташарында сөз сөйлеген Түрік Кеңесінің Басхатшысы Бағдат Әміреев медиа мен информация ынтымақтастығының басты күн тәртіптерінде екенін айтты. Қазақстан Ғылым және әлеуметтік өркендеу министрінің орынбасары Асқат Оралов, Қырғызстан Мәдениет, Информация, спорт және жастар министрі Қайрат Имамалиев, Венгрия Қауіпсіздік саясаты мемлекеттік министрі Питер Старый, Өзбекстан Президенттік сарайы Ғылым және қоғамдық коммуникация агенттігінің төрағасы Асаджан Қожаев және Түркия Президенттік аппараты Коммуникация басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун сөз сөйлеп, медиа саласындағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.

Жиналыстан кейін тараптар «2021-2022 әрекет жоспарын» мақұлдады және қатысты бағдарламалардың атқарылуын басқару және бақылау үшін мүше елдердің өкілдерінен ұйымдасқан Түрік Кеңесі Медиа координация комитетін құруға шешім қабылдады. Құжат бөлісу хаттамасы (FTP) жасырын күшін нығайту, елдердің ортақ тарихы мен мәдениеті жөнінде түрліше видео материалдарын ортақ дайындау және медиа мамандары үшін алмастыру бағдарламалары мен білім беру курстарын ұйымдастыру тақырыбында ортақ көзқарасқа келді. Жиналыста тараптар Халықаралық Түрік Хабар арнасын құру, ресми хабар агенттіктері арасындағы ынтымақтастықты жиілету, мүше елдердің мемлекеттік телеарналары арасындағы ынтымақтастықты бекемдеу қажет екені атап айтылды. Делегация басшылары Түрік Кеңесі Кезекті төрағалығының Түркия Республикасына өтуіне орай 2021 жылы Түркияда Халықаралық Медиа форумын ұйымдастыруға келісті.

Түрік Кеңесіне мүше елдердің медиа және информация салаларындағы ынтымақтастықты бекемдеуі қуанышты жаңалық. Жиналыста шешімі жасалған Түрік Кеңесі Медиа координация комитетін құру өте там аша қадам болмақ.

Марқұм Шыңғыс Айтматов Түркі әлемін әлемге таныстыратын бір телеарнаның құрылуы керектігін тілге тиек еткен еді. Бакудегі жиналыста қабылданған Халықаралық Түрік Хабар арнасын құру шешімі танымал жазушының өсиетінің орындалуы мағынасына келеді. Айта кетейік, Түрік Кеңесіне мүше елдердің телеарналары Түркияның «TÜRKSAT” серігі (спутнигі) арқылы эфирге шығуда.

Түркі Республикалары тәуелсіздігінде 30 жылды артқа тастағанына қарамай, түрліше себептерге орай Түркі әлемі бірін-бірі толық түсінген жоқ. Жиналыста қабылданған медиа өкілдері арасындағы мәлімет пен тәжірибе алмастыруды арттыру, материалдарды бөлісу, медиа форумдарын ұйымдастыру шешімі осы олқылықты толтырады. Түрік халықтары медиа арқылы өзара түсінісіп, Түркі Республикалары арасындағы ынтымақтастық та бекемделе түседі.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.


 

 



Ұқсас жаңалықтар