Әлемдегі тұңғыш сұлулық байқауы және Троя

Анадолының тұңғыштары - 5

1626461
Әлемдегі тұңғыш сұлулық байқауы және Троя

Мифология мен аңыздар көбіне бізді қызықтырады, шыныменен болмаған оқиға екенін біліп тұрсақ та бізді бір жерден ұстап алады. Кейде батылдық пен қаһармандық айтылады, кейде құдайларға бас имеген бір пәнидің басынан кешкендер... Бүгін «Анадолының тұңғыштары»  атты бағдарламамызда мифологиялық хикая және осы хикаяға байланысты бір соғыс туралы айтып береміз.  Артынан соғыс басталған тарихтағы алғашқы сұлулық байқауын және әрине сол атақты соғыс Троя соғысын тыңдауға дайынсыз ба?

**

Тарихтың тұңғыш сұлулық байқауының бұдан төрт мың жыл бұрын болғаны айтылады. Құдайлар арасында болған бір келіспеушілікті арқау қылған осы мифологиялық хикая өткен жер – Чанаккале мен Балыкесир арасында ауқымды жерді қаптап жатқан Қаз таулары.  Ида тауы деп те аталатын осы керемет тау – Түркияның оттегі мөлшері ең көп аймақтарының бірі.

Грек мифологиясына қарағанда, келіспеушілік шығаратыны нақты араздық құдайы құдайлар арасындағы бір тойға шақырылмайды. Бұған қатты ашуланған араздық құдайы той болып жатқан жерге үстінде «ең сұлуға» деп жазылған бір алма қалдырып кетеді.  Үш үлкен әйел құдай, яғни Афина, Гера және Афродита арасында келіспеушілік туындайды. Ең сұлуды анықтау үшін Зевске барады. Алайда Зевс бұл жұмыс үшін Қаз тауларында өмір сүретін Паристі міндеттендіреді. Ең сұлу әйел құдай болып сайлану үшін Гера ғаламның билігін, Афина соғыста жеңілмеушілікті, Афродита болса әйелдердің ең сұлуы Эллиннің махаббатын беруді ұсынады. Парис үшін жеңілмеушілік те, билік те маңызды емес.  Ол сұлулардың сұлуы Эллиннің махаббатын сұрайды. Осылайша Афродитаны байқаудың жеңімпазы деп жариялайды. Байқаудан кейін Афродитаның көмегімен Эллинді алып қашырады.  Он жыл жалғасқан Троя соғысы осылай басталады.  Себебі әлемнің ең сұлуы Эллин Спарта королі Менелаостың әйелі болатын.

Алғашқы дәуірдің атақты ақыны Гомер Илиада дастанында міне осы соғысты жырлайды.  Гомердің айтуынша осы байқау -тарихтағы тұңғыш сұлулық байқауы. Артынан басталған Троя соғысы да шығыс пен батыстың тұңғыш соғысы. Аңызға қарағанда құдайлардың құдайы Зевс өлім мен қирауға себеп болған Троя соғысын Қаз тауларынан тамашалайды, яғни оқиғалар басталған жерден.

***

Әлемнің ең байырғы батырлар дастаны ретінде танымал Илиадада баяндалған бір мифологиялық хикая болатын айтқандарымыз.  Ал шыныменен тек бір хикая ғана ма осылар? Шыныменен осындай соғыс болған ба? Шыныменен Троя деген бір жер бар ма, троялықтар болған ба?

Көп уақыт бойы эпикалық бір туындыда орын алғанына байланысты Трояның қиял өнімі және айтылғандардың да ертегі секілді екені айтылып келді.  Себебі жеңілмейтін қаһармандар,  құдайлар, әйел құдайлар, батырлар дастаны мен қанды қақтығыстар, өлімдер мен қайғылы нәтиже бар Илиадада.  Дастанда болуы керек ерекшеліктер бұлар. Сондықтан әдебиет туындысы деп қаралып келді. Бірақ аңыздардың сиқырына алданғаннан болар, бәлкім басқа себептермен болар Трояның шын болғанына сенетін және қаланы табуға талпынған бірі кісі болды.  Илиада дастанын бірнеше мәрте оқып шығып, өзіне жол көрсетуші қылып таңдаған неміс саудагер Генрих Шлиман. Ол Трояны табу үшін Анадолыға келді. Бұдан бұрын бір ағылшын консул тарапынан қорған екені анықталған және Хисарлық төбе деп аталған алаңда қазба жасай бастады. Бір археолог емес Шлиман.  Қаланы тауып, соның арқасында байып кетуді ойлағандықтан, тек өзінің назарын аударатын нәрселерге көңіл бөлді. Ол қабырғаларды жұмысты қиындата түседі деп қиратты.  Оның берген зияны мен қиратушылықтың қаншалықты үлкен екені артынан белгілі болды.  Қазбалар басталғаннан кейін қаланың жеті қабатты екені түсінікті болды. Жалғастырылған қазбалар нәтижесінде Хисарлық төбеде бірінің үстіне бірі құрылған он қабат табылды.  2019 жылы қаланың тарихын 600 жыл керіге созатын тағы бір қабат тапты археологтар. Трояда түрлі кезеңдерге тиісті үздіксіз жалғасқан елуден астам ғимарат сатысы анықталды.  Осы ерекшелігіне байланысты Еуропа пен Батыс Анадолыдағы археологиялық алаңдар үшін нұсқаулық болып табылады.

**

Троядағы 11 қабат ең астынан бастап санағанда жетінші қабаттың Гомер дастанында жазылған Троя екенін айтып отыр мамандар. Археологиялық қалдықтарда шабуыл және қиратушы өрт іздері кездескендіктен қалада шыныменен бір соғыс болған деп есептейді. Троя тарих бойы стратегиялық маңызы жоғары болған қала. Дастанда айтылғандай сұлу Эллин үшін болмаса да байлығы мен тұғыры себебімен шын өмірде бірнеше мәрте шайқасқа тақырып болды.  Қалада соғыстар орын алды.

Бүгінгі күні ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне енген Троя ежелгі қаласы тарихы,  аңыздары, хикаясы, күрделі және бай өткенімен әлемнің ең атақты археологиялық алаңдарының бірі.  Троя қазбалары 3500 жылдың тарихымен Анадолының батысында болған өркениеттерге жол ашады.  150 жылдан бері жалғасып келе жатқан қазбаларға 20 түрлі елден 350-ден астам ғалым қатысты және бұл сан күн сайын артып отыр.

**

Троя туралы айта отырып,  теңдесі жоқ Троя қазыналарын айтпай кетуге болмайды. Шлиман Трояның шын екенін дәлелдеді,  бірақ бұл оған жетпейді.  Бұл жолы кітаптарда жазылған бір қазынаның ізінен жүреді. Бәлкім бастан бері ойындағысы осы қазына болар,  қазынаны тауып, бай болу.  Осы үшін ол көп ақша мен уақыт жұмсайды, алқалар, сырғалар, тәждерге толы алтын және құнды тастардан тұратын осы қазынаны табады ақырында. Османлы мемлекетінің лауазым илеріне хабар берудің орнына,  ол ешкімге айтпастан қазынаны алып, шетелге алып қашады. Алдымен Грекияда, артынан Францияда сатқысы келеді. Бірақ ақысына келісе алмайды. Артынан орыстармен сөйлеседі. Бір мезгіл өткеннен кейін ұмытылып кетеді, тақырып жабылады. Көптеген жылдар бойы қазынаның орнын ешкім білмейді,  тіпті болмысына да күдік туыла бастайды.  Барша ол да аңыз деп ойлай бастайды.  1990 жылдардың басында Мәскеуде Пушкин атындағы көркем өнер мұражайының қоймасында ортаға шыққанға дейін. Сол дәуірдің өнерін,  шеберлігін және көркемдігін айғақтайтын осы баға жетпес қазына Германия мен Ресей арасында дағдарысқа себеп болады. Қазына Анадолы жерінен шығарылып, алып қашырылады.  Бірақ оның ізіне түскендер Германия мен Ресей.  Бүгінгі күні археологиялық жәдігерлер олар табылған территориядағы елдікі деген көзқарас үстем болса да,  осы теңдесі жоқ қазынаның тек 24 жәдігері ғана Түркияға қайтарылды. Троя қазынасының өз жеріне дереу қайтарылуы керектігін осы жерден тағы бір рет қайталаймыз.

**

Троя ғасырлар бойы адамдардың есінен шықпады, айтылғандардың ақиқаты талқыланды.  Шындық болып болмағаны  ең көп қызықтырған нәрсе болса Трояның ағаштан жасалған аты. Соғыстың бағытын өзгерткен, іші әскерге толы үлкен ат туралы Гомер айтады,  бірақ бұл жолы Илиадада емес,  Одесей дастанында. Троя атына байланысты зерттеушілер түрлі пікір айтады. Кейбір зерттеушілер аттың тек гректер Трояға келе жатқанда мінген кемелер үшін қолданылған бір метафора екенін айтады. Кейбірі Хетт мұрағаттарында «жыртқыш есек» немесе «бір мүйізді құбыжық» деп аталған соғыс машиналарына ұқсатады және аттың соғыс құралы екенін алға тартады. Мыңдаған жылдан кейін Гомердің дастанындағы Трояның шын болғанының дәлелденгені секілді ағаштан жасалған аттың да болып болмағаны бәлкім бір күн жарыққа шығатын шығар, кім біледі?

**

Бірнеше мәрте қираған, өртенген,  жер сілкіністерінде, соғыстарда жермен-жексен болған ежелгі дәуірдің ең бай қалаларының бірі – Троя. 5500 жылдық тарихымен Анадолы және Еуропа өркениеттерінің дамуына бастау болады. Шығыс пен батыс арасындағы тұңғыш соғысты,  ежелгі әлемнің ең байырғы батырлар дастанын және тұңғыш сұлулық байқауын айтып бердік бүгін сіздерген.

 

 



Ұқсас жаңалықтар