Кадеш соғысы және тарихтағы тұңғыш жазбаша келісім

Анадолының тұңғыштары - 4

1621280
Кадеш соғысы және тарихтағы тұңғыш жазбаша келісім

Аталарымыз алғаш рет қашан соғыса бастады? Антрополог және тарихшылар әлі күнге жауабын таба алмаған сұрақ. Тарихтан бұрынғы уақытқа тиісті осы тақырып туралы көп айғақ жоқ. Адам баласының отырықшы өмірге өтуі және бірге өмір сүре бастауымен бірге соғыстардың да басталғаны белгілі.  Археологиялық қазбаларда табылған қарулар, скелеттердегі жарақат іздері мен пішіндері адамдардың неолитикалық дәуірден бастап соғысқанын көрсетеді. Алайда сол кездері армия құратындай тұрғын болмағаны да шындық.

Алдымен берекетті жерлерді қорғау немесе басып алу, артынан құнды ресурстарға ие болу,  ел шекарасын кеңейту немесе өздері өмір сүрген жерлерді қорғау секілді бір бірінен бөлек себептермен соғыса бастады адамдар. Қақтығыс пен соғысты барлық нәрсенің атасы деп қарайтын немесе соғыстың мемлекет үшін өміршең маңызда екенін алға тартқан ойшылдар болды алғашқы дәуірде. Кейбір соғыстар адамдық тарихының ұмытылмастары арасына енді, тарихтың бағытын өзгертті. Адам баласының ортақ жадында орын алды.  Міне, сондай шайқастардың бірін баяндап береміз бүгінгі бағдарламамызда. Кадеш соғысы. Негізінде тек шайқасты ғана емес, сонымен бірге соғыстан кейін жасалған бейбітшілік келісімін де айтып береміз. Себебі Кадеш соғысын ұмытылмас қылған нәрсе бұл -бейбітшілік келісімі. Келісім болмағанда,  бәлкім тек маңызды бір соғыс деп қана есте қалар еді.

**

Кадеш әрі маңызды сауда орталығы болуы,  әрі берекетті жері және құнды кендері себебімен шабуылдаушы саясат жүргізген елдердің әрдайым нысанасында болады.  Жылдар ішінде көптеген мәрте Мысыр мен Хетт арасында билік ауыстырады Кадеш. Яғни баяғыдан бері сол жерге ие болғысы келген екі ел.  Хеттер бара-бара нығая түседі. Сауда жолдары бойындағы маңызды пункттерді билегісі келеді. Мысырдың нысанасында болса Анадолы территориясындағы бай кен орындарын алу бар еді. Осылайша соғыс бас тартылмас болады.  Сол кездің екі ірі әскери және саяси күші Кадеште шайқасады.  Сол кезге дейін жиналған екі ең ірі армия және  тарихта ең көп соғыс арбасы қолданылған шайқас ретінде тарихтағы орнын алады. Соғыс аяқталғанда екі ел де соғыстан өздерінің жеңіп шыққанын жариялайды.  Ғасырлардан кейін соғыс стратегиясы, армиялардың құрамы,  үлкендігі, құрал-сайман және барлау қызметінің маңызы секілді көптеген тақырыпта зерттеуге арқау болады,  мектеп пен академияларда сабақ ретінде оқытылады Кадеш соғысы. Соғыстың маңыздылығы өз алдына, бірақ ең маңыздысы соғыстан кейін жасалған бейбітшілік келісімі.  Кадеш келісімі әрі тарихтағы тұңғыш жазбаша келісім,  әрі теңдік принцибіне сүйенетін алғашқы келісім,  әрі алғашқы бейбітшілік келісімі болып қабылданады. Келісім арқылы соғысқан екі мемлекеттің сол күннен бастап бірін біріне шабуылдамауы, соғыста тұтқынға алынған әскерлерді босатуына шешім қабылданады және екі ел де жеріне жасалған кезкелген шабуылда бірін бірінің жанында болатынын уәде береді.

Келісім алдымен сына жазумен күміс табақшаларға, сол кездің дипломатия тілі акад тілінде жазылады.  Артынан Хетт және Мысыр тілдеріне аударылады. Түпнұсқа мәтіндер табылмаса да, бір көшірмесі Мысырда храм қабырғаларында ойып жазылған. Басқа бір көшірме болса сол кезде хеттердің бас қаласы болған Хаттуша, яғни Чорумдағы Бұғазкөйде 1906 жылы жүргізілген археологиялық қазба барысында жарыққа шығады. ЮНЕСКО-ның Әлем жады тізіміне енген осы келісім жазылған қыш табақшалар бүгінгі күні Стамбулда Археологиялық мұражайда көрмеде тұр.  Бейбітшілік пен шабуылдамаушылық негізінде пішінделген Кадеш келісімінің баптары бүгінгі күнгі халықаралық келісімдердің және заманауи дипломатияның негізін қалайды.  Сондықтан табақшалардың үлкейтілген бір көшірмесі Нью-Йоркта БҰҰ ғимаратының кіре берісінде тұр.

**

Өз дәуірінің екі ірі әскери және саяси күші – Хетт пен Мысыр мемлекеттері арасында қол қойылған осы мәтін тек тарихтың тұңғыш жазбаша келісімі ғана емес.  Сонымен бірге бір әйелдің мөрі бар алғашқы жазбаша келісім ерекшелігіне ие.  Себебі Хетт королінің мөрінің қасында ханшайымның да мөрі қойылған.  Тарсустағы Гөзлүкуле күлтөбеде жарыққа шығарылған ханшайымның мөр жүзігі бүгінгі күні Адана мұражайында тұр.  Келісімге мөрін басқан ханшайым Пудухепа Хетт империясы дәуірінің ең маңызды билеушілерінің бірінің жұбайы ретінде танымал. Кадеш соғысынан кейін екі ел арасында хат дипломатиясын бастайды ханшайым. Қыш табақшаларға сына жазумен жазылған осы хаттарды оқыған мамандар ханшайым Пудухепаның дипломатияны өте жақсы қолданғанын және осының арқасында екі елдің жау тұғырынан бауырлас ел тұғырына өткенін айтады.

**

Хеттер – Анадолының бес мың жылдық байырғы өркениеті.  Тек Анадолының ғана емес, әлем тарихының ең маңызды өркениеттерінің бірі. Еуропа мен Таяу Шығыстың мифологиясынан тіліне,  дініне,  саясатына,  саудасына  едәуір әсер етеді, құқық және мемлекет құрылымы секілді тақырыптарда бастаушы болады.  Хеттер кен орындарын ашады, әсіресе жоғары сапада темір өнімдері мен қару технологиясында жетістіктерге жетеді.  Мықты армия құрады, осы арқылы да Жерорта теңізі сауда жолдарын бақылауға алып,  Анадолыда үстемдік орнатады.  Анадолының ең маңызды өркениеттерінің бірі хеттер әйел құқықтарын да алғы шепте ұстайды. Заңға сәйкес қоғамдық тәртіп орнатады, көркем қалалар салады,  ескерткіш өнер туындыларын қалыптастырады.

Хеттер көптеген тақырыпта жаңалықтарға қолтаңба басқан бір өркениет.  Тұңғыш мемлекеттік құрылымды қалыптастырғандар да хеттер.  Құқық саласында үлкен бетбұрыстарға қолтаңба басқан да хеттер. Және тарихта белгілі тұңғыш мәжілісті құрғандар да солар. Хеттер Вавилион королі Хаммурапидің «кекке кек» құқығының орнына құнақы құқығын келтірді.  Олар бүгінгі күннен шамамен 3500 жыл бұрын жетілдірген құнақы құқығы түсінігі бүгінгі құқық түсінігінің негізін қалыптастырды.

Бас қалалары Хаттушада «Панку», кейбірінің айтуынша «Панкуш» деп аталатын бір мәжіліс құрады хеттер. Осы арқылы демократиялық әкімшіліктің іргетасын да қалайды.  «Империя мәжілісі» деген мағынаға келетін «Панку»  асылтектілерден қалыптасқан және корольге кеңесшілік қызметін беретін бір мәжіліс. Елді король әулетінен сайланған адамдар басқарса да, «Империя мәжілісінде» қабылданған шешімдер мүшелердің дауыс беруіне ұсынылады.  Тең құқықтарға ие мүшелер ойларын ашық ашық айтады. Мәжіліс корольді де бақылайды, тексереді.  Бұл жүйе Ұлыбританияда корольдің өкілеттіктерін шектеген Магна Картаның бірінші рет орындалу түрі негізінде.  Магна Картадан 2700 жыл бұрын Анадолы жерінде жүзеге асырылды.  Басқаша айтқанда Ұлыбритания,  Испания, Голландия, Жапония және көптеген елдің әкімшілік түрі «Парламенттік монархияның» негізін хеттерден алған.

**

Мәдениеттері, өнері, әскери және сауда жағынан мықты корольдігімен сол дәуірдің ең ықпалды өркениеттерінің бірі Хеттер мен Мысырлықтар арасында сол үлкен шайқас пен шайқастан кейін қол қойылған тұңғыш жазбаша келісім Кадеш бейбітшілік келісімін айтып бердік бүгін. Осы келісімнің авторы, әлем тарихында көптеген жаңалықтарға қолтаңба басқан Анадолы жағрапиясының байырғы өркениеті хеттер жайлы баяндап бердік.

 



Ұқсас жаңалықтар