Чаталхөйүк

Анадолының тұңғыштары - 3

1618712
Чаталхөйүк

1800 жылдардың аяғына қарай Испанияда бір үңгірде табылған суреттер адамдарды таңғалдырады. Он мыңдаған жыл бұрыннан қалғаны болжалған осы суреттер керемет салынғаны соншалықты, аталарымыз соншама қабілетті еместігі айтылып,  үңгірді тапқан кісіні алаяқтық жасады деп айыптайды. Түрлі аймақтардағы үңгірлерде де осыған ұқсас суреттер табылғаннан кейін аталмыш суреттердің шын екені қабылданады. Жасалған анализдер осы суреттердің қырық мың жыл бұрын сызылғанын айқындайды. Суреттермен қоса үңгір қабырғаларында көптеген саусақ іздері де табылады.  Өнер тарихшылары осы іздер мен суреттерді адамның өнер жолындағы алғашқы қадамы деп есептейді.  Бүгінгі өнер немесе эстетика түсінігінен өзгеше болса да, сол күндері өнердің қалай дамитынын көрсететін осы суреттердің көбі шыныменен өте керемет пішін мен түстерге ие болатын. Осылардың барлығы сөз жоқ кезде, тек дауыс бар кезде адамның өнердің күшінен пайдаланғанын да дәлелдейді. Сөзбен түсіндіре алмағандарын сызып баяндауға тырысқан адамдар.  Бәлкім мағынасын түйсіне алмаған табиғат құбылыстарынан сақтану немесе аурулардан құтылу, бәлкім жабайы жануарлардан аулақ болу немесе сиқыр үшін сызған осы суреттерді адамдар. Бәлкім өзі тұратын жерді әдемілегісі келген болар. Негізгі мақсатын еш уақытта біле алмаймыз.

Адамдар үңгірлерден шыққаннан кейін ашық алаңдарда өмір сүре бастайды. Алдымен ыдыс-аяқ жасайды,  артынан оны әшекейлейді. Алдағы уақытта балшықты түрлі пішінге келтіре бастайды, шағын мүсіндер жасайды. Адамның бара-бара біліктілігі артады және бұдан мыңдаған жыл бұрын үлкен қабілеттің көрсеткіші болатын туындылар қалыптастыра бастайды.  Анадолы территориясында осыларды көруге болатын бір жер бар: Чаталхөйүк. Халықаралық атағын он мыңдаған жыл бұрынғы қабырға суреттерінің жалғасы іспеттес суреттерден,  өте табысты басты құдай аналардан және үйреншіктен тыс сәулетінен алатын Чаталхөйүк туралы айтып береміз бүгін.

**

Анадолы – адам баласының ұзын хикаясына куә болған территория.  Осы хикая алдымызға кейде археологиялық жәдігерлермен,  кейде ескерткіштермен шығады.  Осы хикаяның сонымен бірге белгісіз кейіпкерлері бар: қорғандар мен обалар. Қарапайым көз үшін табиғи төбе немесе төбешік секілді көрінсе де, ішінде ауқымды тарих жасырынып тұрады. Бір бірінің қалдығының үстіне құрылған елді мекендердің жинақталуынан тұрады құрғандар. Ашылған әрбір қабатта ескі қала, ежелгі бір ауыл, одан да ескі елді мекен шығады алдымызға.  Біз уақыттың тереңдігін солар арқылы түйсінеміз. Қазіргі уақыттан он мыңдаған жыл бұрынғыға барады. Мерзімі таусылғанда табиғи ортаға үйлесімді болып, жайымен топырақпен тоғысады, осылайша бір қабат қалыптасады.  Уақыттың жасырын куәгерлері қорғандардың енді іздері көрінбейтін болады.  Бір күн келеді, үстіне жаңа бір елді мекен құрылады және осылай жалғасып кете береді.

Обалар болса басқаша, король, ханзада немесе әкім секілді қоғамның беделді тұлғалары үшін салынған ескерткіш мазарлар. Ескерткіш мазарды көрсету үшін адамдар жинайды топырақты. Ол жерде бір ғана кезеңнің іздері болады.

**

Неолитикалық дәуір – адам жинап-терушіліктен отырықшы тұрмысқа өткен және бірге өмір сүребастаған өте маңызды кезең.  Адам жерді жыртып, егуді үйренгеннен кейін егіншілік, жануарларды қолға үйреткеннен кейін де мал шаруашылығы басталады. Жайымен ауылдар, аудандар және қалалар қалыптаса бастайды.  Ашылғаннан кейін үлкен жаңғырық туғызған Чаталхөйүк сол кезге, яғни неолитикалық дәуірге тән алғашқы қалалардың бірі, теңдесі жоқ елді мекендердің бірі.  Архитектура,  өнер және өлі көму тақырыптарында түрлі мәліметке қол жеткізуімізді қамдады, Анадолы территориясындағы осы мыңдаған жылдық көп қабатты қорған.

Көшесі жоқ, ішіне төбесінен кірілетін және бір бірімен жапсарлас үйлерден қалыптасады Чаталхөйүк. Ол Анадолыдағы мыңдаған қорған арасындағы ең назар аударатыны. Тек Анадолының ғана емес,  сонымен бірге Таяу Шығыс территориясының да ең назар аударатын неолитикалық алаңы.  Күрделі архитектуралық құрылымы, тұрғын санының көптігі,  өнер туындыларындағы жетістіктері, дәстүрлері мен уақыт ішіндегі жасампаздығымен адам баласы тарихына жарық болды бұл жер. Міне,  сондықтан ЮНЕСО-ның Әлемдік мұра тізіміне енді.

Чаталхөйүк неолитикалық қаласы ішкі Анадолы аймағында орналасқан Конияның Чумра ауданында. Сол кездің ең ірі және тұрғын саны ең көп қалаларының бірі болған Чаталхөйүк екі мың жыл бойы үздіксіз елді мекен қызметін берген.  Бұдан тоғыз мың жыл бұрыннан қалған осы неолитикалық қалада сегіз мың адам өмір сүрген деген болжам бар.  Бұл көрсеткіш сол кез үшін шыныменен қалың адам деген мағынаға келеді.

**

Чаталхөйүк шығыс және батыс қорғандарынан тұрады.  Шығыс қорғанында 18 неолитикалық елді мекен қабаты жарыққа шықты.  Осы қабаттарда қабырға суреттері, рельефтер мен түрлі мүсіндер кездесті. Бір отбасының үйдегі өмірі мерзімін аяқтаған кезден, яғни сексен жылдан кейін үй топырақпен толтырылған. Үстіне жаңасы салынған және осылайша 18 қабаттан тұратын бір қорған ортаға шыққан. Калколитикалық дәуірде яғни бақыр дәуірінде адамдардың шығыс қорғанын тастап шығып, батыс қорғанына қоныстанғаны белгілі. Мамандар мұның көш еместігін, тек орын алмастыру екенін айтады.  Осы орын алмастырудың себебі әлі шешілмеген болса да, үлкен індет болған болу ықтималы бар.  Лағінет оқылған жер деп ойлап, шығыс қорғанына қайтып келмегенін және қайтадан қоныс теппегенін айтатындар да бар.

Чаталхөйүкте үйлер өте жақын немесе бір-бірімен жапсарлас салынған еді. Сондықтан еш көше болмаған осы елді мекенде. Төбелері көше міндетін атқарған, адамдар үйлердің төбесінде жүрген. Кірпіш, ағаш және қамыстан жасалған үйлер бір қабатты болып келеді.  Есіктері де төбесінде. Төбедегі ашық жерден баспалдақ арқылы кіріп шығады. Осы ашық жер керек кезінде жабылады да. Көлемі түрлі болса да, бір үй бір бөлме,  бөлменің ішінде биіктеу бір платформа және бір қоймадан тұрады.  Сол бөлмеде тамақ піседі,  адамдар биік платформада жататын еді. Платформалардың астынғы жағын басқа мақсатта қолданатын еді. Ол жерде өлілерін көметін.

Ақ түспен боялған бөлменің қабырғалары сары,  қызыл және қара түстерден тұратын суреттер және рельефтермен әшекейленген. Аң аулау сахналары,  жұлдызар,  құс, киік,  барыс және дөңгелектер, түрлі геометриялық нақыштардың қабырғаға салынғаны көрінеді. Суреттер көп жиналған жерлер үйде адам көмілген бөлімдер. Қабырғадағы суреттер өлім түрін де бейнелейді. Осы үйлердің бірінің қабырғасында ұзындығы үш метр, биіктігі 90 см бір карта табылады.  Бүгінгі күннен 8200 жыл бұрыннан қалған осы картаның Чаталхөйүк қаласының жоспары екені анықталды. Анкара Анадолы өркениеттері мұражайында көрмеге қойылған осы карта әлемнің белгілі алғашқы қала жоспары ретінде қабылданады.

**

Бұдан тоғыз мың жыл бұрын Анадолыда әйел мен ер адамдардың тең болғанын Чаталхөйүк арқылы білеміз.  Қалада үйлер тысында басқа мемлекеттік ғимарат,  сарай, храм немесе ескерткіш ғимарат жоқ. Бұл да бізге Чаталхөйүкте ешбір әлеуметтік сынып болмағанын көрсетеді. Жүргізілген қазбаларда көптеген мүсін жарыққа шығарылады. Бұлардың ішінде барыс және бұқа секілді түрлі жануарлардың фигуралары назар аударады. Алайда Чаталхөйүктің ең кең танымал және атақты мүсіні – тууды және берекетті бейнелейтін Құдай Ана мүсіндері. Осы әйел мүсіндерінің сонымен бірге абыройы үстем жасы үлкен әйелдерді бейнелейтіні де айтылады.

Қазбалар барысында айырықша тоқыма станоктары, қарапайым пішінде ыдыс-аяқтар, ағаштан ойылған астаулар,  кеселер, тас пен сүйектен жасалған құралдар,  себеттер мен әшекейлер табылған. Жәдігерлер Чаталхөйүктегі адамдардың тек егіншілік және мал шаруашылығымен айналыспағанын,  сонымен бірге тоқыма тоқып,  кен шығарғанын да көрсетеді.

**

Чаталхөйүкте тоғыз мың жыл бұрынғы өмір  сол кезде өмір сүрген адамдардың жабайы болмағанын,  керісінше алғашқы үй сәулеті, алғашқы қабырға суреттерін, алғашқы қала жоспарын жасайтындай жетік маман болғанын дәлелдейді. Сол кездегі қоғамдық құрылымды және қандай тұрмыс болғанын түсіну тұрғысынан адам баласы тарихының маңызды бетбұрысында осы теңдесі жоқ археологиялық алаң Чаталхөйүк.

 



Ұқсас жаңалықтар