Түркияның Орталық Азия елдерімен әуе қатынасы дамыды

Еуразия күн тәртібі – 66

1613784
Түркияның Орталық Азия елдерімен әуе қатынасы дамыды

Бүгінгі бағдарламамызда Түркияның Орталық Азия Республикаларымен әуе қатынасының жағдайы және осы секторға салынған инвестицияларға тоқталамыз.

2021 жылы 21 наурызда Қазақстан Республикасының Түркістан қаласындағы Халықаралық Әзірет Сұлтан Әуежайынан FlyArystan Әуе жолдары Стамбұлға тұңғыш ұшақ рейсін жалғады. Бұл рейс Халықаралық Әзірет Сұлтан Әуежайынан шетелге ұйымдастырылған тұңғыш сапар ретінде тіркелді. FlyArystan Әуе жолдары Түркістаннан Стамбұлға аптасына екі мәрте ұшады. Алдағы кезеңде аптада 7 мәртеге көтерілуі нысанаға алынды. 2020 жылы 1 желтоқсанда тұсауы кесілген Халықаралық Әзірет Сұлтан Әуежайының Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында тыңнан жасалған тұңғыш әуежайы болып отыр. Әуежай Халықаралық Ақтау Әуежайын басқарған YDA Group тарапынан салынды.

2021 жылы 25 наурызда Қырғызстанның Халықаралық Манас Әуежайы Ети Бакыр Терексай компаниясымен Жалалабад облысының Тоғыз-Тарау ауданындағы Кербен Әуежайын кеңейту және жөндеу тақырыбында кездесу өткізді. Ети Бакыр Терексай компаниясы осы әуежайға инвестиция салып, оның мәртебесін халықаралық өреге көтеруді мақсат етуде. 1979 жылы салынған әуежайға Қырғыз үкіметі 2019 жылы реставрация жасаған, алайда әлі ұшақ ұшпаған болатын. Ети Бакыр Терексай компаниясының 75 пайызы Түрік Ети Бакыр компаниясына тән және компания Қырғызстанда Терек, Тереккан және Перевальное кендерін басқаруда.

Сол күні Өзбекстан Республикасының Ферғана облысының баспасөз қызметі Түрік Әуе Жолдарының Түркиядан Ферғана қаласына ұшақ рейсін ұйымдастыратынын хабарлады. Түрік Әуе Жолдары Өзбекстан бөлімінің директоры Селим Кахраман төраға болған делегация Ферғана Әуежайын зерттеу үшін қалаға барды. Кездесуде әуежай қызметтерін жасау тақырыбы қаралды. Осыған орай Түркиядан Өзбекстанның жеті қаласына ұшақпен баруға болады.

Түрік компанияларының Орталық Азия Республикаларында авиация саласындағы инвестициялары ерте басталды. ТАВ Әуежолдары Холдингі өткен жылы Халықаралық Алматы Әуежайының кәсіпкерлік лицензиясын алды. Киклоп Құрылыс компаниясы Өзбекстанның Самарқан Әуежайын жөндеді. Түрік компаниясы Аларко Холдинг Түрікменстанда Ашкабад, Өзбекстанда Самарқан, Бұқара және Үргенч, Қазақстанда Нұр-Сұлтан Әуежайларын салды. Наурыз айындағы соңғы дамумен қоса, Түрік компанияларының Орталық Азия Республикаларының авиация саласындағы инвестиция мен іс-шаралары тұрақты дамуда.

Түрік Әуе Жолдары Өзбекстанда 7, Түрікменстан мен Қазақстанда екіден, Қырғызстан мен Тәжікстанда бір қалаға ұшақ рейсін ұйымдастыруда. Pegasus Әуе Жолдарының да Қырғызстан мен Қазақстанға сапарлары бар.

Сонымен бірге Орталық Азия Республикаларының барлығының әуежолы компаниялары Түркияның Стамбұл мен Анталия қалаларына ұшақ рейстерін ұйымдастырып отыр.

Авиация саласындағы осы ынтымақтастық алдағы жылдарда жаңа өреге көтеріліп, ортақ тікұшақ, ұшақ және дрон өндірістерінің жасалатынын айтуға болады. Өйткені Түркия Республикасы осы күшке ие болып табылады.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.


 

 



Ұқсас жаңалықтар