Ресей мен АҚШ арасындағы саяси дағдарыс шиеленісті

Еуразия күн тәртібі – 65

1609302
Ресей мен АҚШ арасындағы саяси дағдарыс шиеленісті

Бүгінгі бағдарламамызда Ресей мен АҚШ арасындағы саяси дағдарысқа тоқталамыз.

2021 жылы 6 наурызда АҚШ хабар алу ұйымы бір рапорт жариялап, Ресейді «Дональд Трамптың қайта сайлануына жәрдемші болды және президенттік сайлауда Джо Байденге кедергі жасау үшін жұмыстанды» деп жазғырды. Ертесі күні АҚШ президенті Джо Байден бір телеарнаға сұхбатында Ресей лидері Путиннің «рухсыз» біреу екенін білдірді және Путинді қандықол деп ойлайсыз ба? деген сұраққа «Солай ойлаймын» деп жауап берді. 18 наурызда Ақ Үй мәлімдемешісі Йен Псаки Байденнің Ресей президенті Владимир Путинді «Қандықол» деп атағанына өкіне ме? деген сұраққа «Жоқ, президент тікелей сұралған сұраққа тікелей жауап берді» деген жауап қайтарды.

Осы оқиғаға орай 2021 жылы 17 наурызда Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Мария Захарова АҚШ-тағы Ресей өкілетті елшісі Анатолий Антоновтың «Мәскеуге ақылдасу үшін шақырылғанын» хабарлады. Мария Захарова көз алда екі жақтылы қарым-қатынастардың «оңалмайтындай бұзылуының алдын алу» үшін талпынғандарын айтты. Орыс баспасөзі де Джо Байденнің қызыл сызықтан асқанын білдірген хабарлар жариялады.

2021 жылы 18 наурызда Владимир Путин тақырыпқа байланысты мәлімдеме жариялап: «Байден менің «Қандықол» екенімді айтты. Байденге қалай жауап бересіз десеңіз, оған «Денсаулығың жақсы болсын» дер едім. «Оған денсаулық тілеймін. Мұны әзіл-қалжыңсыз айтып отырмын» деді.

Ресей президенті Владимир Путин сол күні осы тақырыпқа оралып, АҚШ президенті Джо Байденді «Бүкіл әлем тамашалайтын бір тікелей эфир кеңесіне» шақырды. Джо Байден Путиннің ұсынысына «Белгілі түйінде кездесетінімізге сенемін» деген екіұдай жауап берді.

2021 жылы 20 наурызда Дмитрий Песков АҚШ-пен қарым-қатынастар тақырыбында ең тәуірін үміт ететіндерін және ең нашарына да дайын тұрғандарын жариялады.

Оқиғаның беталысына қарағанда Ресей мен АҚШ арасында бір кірбеңдік бар. Бұрын да нашар болған екі жақтылы қарым-қатынастар Байденнің қарусыздану келісімін мақұлдауымен қалыпқа түсетіні күтіліп отырғанда, тағы бір дағдарыс туылды. Алексей Навальныйдың ұсталуы мәселесінде де екі ел бірін бірі айыптады.

Осы дағдарыстың Қырымның жаулануының жылдығына тура келуі де кездейсоқ емес. Кейбір зерттеушілер Ресей мен Батыстың Украинада бетпе-бет келу мүмкіндігінен сөз қозғауда.

НАТО-ның Ресейді айыптаған мәлімдемелері жақын кезеңде арта бастады. Соңғы оқиғалардан кейін АҚШ Ресейге жаңа санкциялар атқаруы да мүмкін.

Күзде жоспарланған Дума сайлауының Ресейде АҚШ-қа қарсы сөз-сөйлемдермен өтетінін межелеуге болады. Осы бөліну Ресейге де, АҚШ-қа да, аймақ елдеріне де пайдасыз. Ресей мен АҚШ қарым-қатынастарының нашарлауы Ресеймен жақын экономикалық байланысы бар елдерге де тікелей әсерін тигізеді. Сол себепті екі ел саяси лидерлерінің байсалды және жауапкерлікпен әрекет жасауы керек.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.



Ұқсас жаңалықтар