Армениядағы тұрақсыздық жалғасуда

Еуразия күн тәртібі – 62

1595972
Армениядағы тұрақсыздық жалғасуда

Бүгінгі бағдарламамызда Армениядағы соңғы оқиғаларға тоқталамыз.

2021 жылы 24 ақпанда Арменияда армия мен үкімет арасында орыстардың «Искандер» балистикалық зымыраны себепті дағдарыс туылды. Арменияның бұрынғы президенті Серж Саргсян үкіметтің армияның бюджетін азайтқанын, Қарабах соғысында «Искандер» зымыраны қолданылмағанын жариялаған болатын. Премьер-министр Никол Пашинян бұған жауап ретінде «Искандер» зымыраны қолданылғанын, алайда зымырандар атылмай қалғанын хабарлады. Осы талас-тартысқа армия генералдері де араласып, Пашинян Бас Штаб төрағасының бірінші орынбасарын міндетінен алды.

Оқиғаларға орай 2021 жылы 25 ақпанда Армения Бас Штаб басқармасы үкіметке меморандум берді және Никол Пашинянның отставкаға кетуін сұрады. Бас Штаб төрағасы Оник Гаспарян қол қойған меморандумда Армения премьер-министрі мен үкіметінің ел үшін қажетті шешім жасайтын күйде емес екені білдірілді. Осы кезде Ереван аспанында «Су-30» әскери ұшақтары төменнен ұшып жүрді.

Премьер-министр Пашинян Бас Штаб төрағасы Оник Гаспарянды міндеттен алды және қолдаушыларын митинг өткізуге шақырды. Түстен кейін Республика алаңында қолдаушыларына үн қатқан Пашинян армияның мәлімдемесі төңкеріс талпынысы екенін және бұған рұқсат берілмейтінін жариялады.

Пашинянның үндеуінен кейін Армения Бас Штабы екінші мәлімдемесін жариялап, міндет басында болатындарын және елдің мүддесін қорғау үшін Пашинянның отставкаға кетуін сұрайтындарын қайталады. Оппозияция армияның мәлімдемесіне қолдау беріп, митинг ұйымдастырды және шатыр тігіп, премьер-министрдің отставкасы үшін көшеде ереуіл өткізетіндерін хабарлады.

Армения президенті Армен Саргсян үш күн күтті және барлық тараптармен кездесулерден кейін міндеттен алу шешімін премьер-министр Пашинянға жеткізді. Премьер-министр Пашинян бұл шешімді президентке қайта жолдайтынын, мәселенің шешілмегенін білдірді. Міндеттен алу мәселесі Атазаң сотында шешімін табатындай көрінеді.

44 күн жалғасқан Таулы Қарабах соғысындағы жеңілістен кейін армян оппозициясы премьер-министр Пашинянның міндеттен кетуін талап етті. Президент Саргсян ерте сайлау өткізуден сөз қозғады. Мәжілісте көпшілік орынға ие Пашинян жалпы сайлаудың уақытында 2022 жылы өткізілуі керектігін дәріптеді.

Пашинян қолдаушыларын 1 наурызда өтетін үлкен митингке шақырды. 1 наурыз армян саясатында ерекше орынға ие. 2008 жылы 1 наурызда өткен митингке қауіпсіздік күштері араласып, 8 азамат пен 2 қауіпсіздік қызметкері қаза тапқан болатын. Армиядан өзгеше полиция қазірге дейін Пашинянды қолдағандықтан күш тепе-теңдігі сақталып келді.

Арменияда туылған дағдарыста Батыстың қазірге дейін әрекетсіз қалғаны байқалды. Ресейдің мәлімдемесінде оқиғалар Арменияның «ішкі мәселесі» екені айтылды. Түркия төңкерістің барлық түріне қарсы екенін, армияның саясатқа араласпауы керектігін, Армения болашағын халықтың белгілеуі жөн болатынын жариялады.

Көршілерімен достық қарым-қатынастарды дамыту Арменияда осындай саяси дағдарыс туылуын тосуы мүмкін.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.


 

 



Ұқсас жаңалықтар