Мимар Синан және көпірлер

Судан бастау алған мәдениет – 21

1591656
Мимар Синан және көпірлер

 

Азия мен Еуропаның арасында бір көпір – Анадолы. Шығыстан келгендер батысқа, батыстан келгендер шығысқа жету үшін осы керемет көпірді қолданады.  Өркениеттермен бірге тарих та өтеді осы көпірден. Бір өзен үстінен емес, екі құрлық арасында мыңдаған жылдан бері көпір болып тұр.

Ежелгі дәуірден бастап адамдарды, қалаларды,  елдерді бірлестіреді көпірлер. Тыныш аққан немесе тасып аққан өзендердің үстінде қаншама соғысқа, қаншама қасірет пен қайта табысуға куә болады.  Кейбірі сарқырап ағатын өзеннен сенімді түрде өту үшін,  кейбірі атырауы кең өзендерден, сайлардан өту үшін қолданылады.

Анадолы жері уақыттың куәгері осы көпірлердің ең тамаша түрлеріне толы.

**

Суға тәуелді және сумен бірге өмір сүру алғашқы дәуірлерден бастап бір архитектура түрін де мәжбүр қылады: көпірлер.  Алдымен адамдар бір ағаштың кеудесін немесе шырмауық қолдану арқылы өзеннен, сайдан өтуге тырысады. Алайда әрбір өзен немесе сай үшін осы әдіс жеткілікті болмайды. Түрлі шешімдер табу керек болады. Жартас немесе ағаштарды көпірдің аяғы ретінде қолданады, ағаш талдарын қолданып, аспа көпірлер салады адам баласы. Уақыт өте келе ағаш бұтақтарының орнын темір шынжырлар алады. Шынжырлардың орнын болат темірлер. Ағаш көпірлер көп төзбейтін болғандықтан тас көпірлер, артынан бетон, темір немесе болаттан көпір салынады. Көпірлер адам баласының технология және ғылымдағы жетістіктері анық көрінетін сәулет обьектісі болып саналады.

Тарихи деректер  алғашқы көпірлердің Қытайда салынғанын көрсетеді,  бірақ сол көпірлерден ешнәрсе қалмаған. Сондықтан әлемнің белгілі ең ежелгі көпірін шумерлер салды деп есептеледі. Қалдықтары табылған осы бес мың жылдық көпір Ирак жерінде. Түрлі ашық жерлерден өту үшін аркаларды көпірлерде бірінші рет қолданғандар да шумерлер. Алайда осы тақырыпта табысты бола алмаған шумерлер.  Статикалық осы маңызды проблеманы шешкен және аркалардан қалыптасқан тас көпір салғандар Рим империясы кезіндегі инженерлер болған.  Осылардың арасында әлі күнге қызметін атқарып келе жатқан көпірлер бар. Анадолы территориясындағылардың басында Аданадағы Ташкөпрү, Измирдегі Керуен көпірі мен Адыямандағы Жендере көпірі келеді. Осы көпірлер сонымен бірге Рим дәуірі көпірлерінің әлемдегі ең ескі үлгілері болып саналады.

**

Бастапқыда тек бір жағалаудан бір жағалауға өту үшін қолданылған көпірлер уақыт өте келе сауда және әскери мақсаттарда қолданылады.  Тұрмысымызға өте көп әсер еткен және өмірді жеңілдеткен жаңалықтар мен жаңа құрлықтар ашылған 18-ғасырда көпірлер ағаштан салына бастайды.  Өнеркәсіп төңкерісінен кейін темір өндірісінің артуы  темірден құрылымдалған көпірлердің салынуына мүмкіндік береді.  Осылайша өте үлкен және төзімді көпірлер салына бастайды.  Бүгінгі күні әлемнің ең ұзын, ені ең үлкен немесе ең биік көпірлерін салу жеңіл. Себебі материал да,  технология да,  білім де дамыды.

Анадолыда Рим және Византия кезеңдерінен қалған көптеген көпірді кездестіруге болады.  Алайда түріктер Анадолыға қоныс тепкеннен кейін көпір саны өте артты. Алдымен Шығыс Анадолы, артынан ішкі Анадолы аймақтарында теңдесі жоқ көпірлер салады түріктер.  Осы көпірлердің бірі – Малабади көпірі.  Әлемнің ең үлкен арка кеңдігіне ие көпірлері арасында орын алады. Мұны 39 метрлік аркасына қарыздар Малабади көпірі. Осы кеңдікті көз алдыңызға келтіру үшін дереу бір мысал келтірелік.  Сәулетші Мимар Синан «шәкірттік туындым» деп атаған Стамбулдағы Сүлеймание мешітінің диаметрі 27 метр күмбезі осы арканың ішіне сыйып кетер еді.

Түркияның ең көркем көпірлерінің бірі – Малабади көпірі. Диярбакыр Силвандағы осы көпір Артуктықтар кезінде салынған.  Батман жылғасының үстіне салынған көпірде жолаушылар үшін екі бөлме бар. Яғни көпір тек өту мақсатты емес, сонымен бірге қонып кететін жер ретінде жобаланған. 900 жылдан бері құламай тұр. Халық әндеріне арқау болған Малабади көпірі бүгінгі күні Юнеско-ның Әлемдік мәдени мұралардың уақытша тізіміне енген.

**

Османлы дәуірінде болса көпірлердің маңызы бара –бара артады. Жеңістер арқылы мемлекеттің кеңейтілуі мақсат етілгендіктен,  жорықтарға жиі шығылады. Қарсы алдарына бір өзен шықса, осы кедергіден көпір салып өтеді Османлы ордасы. Кануни Сұлтан Сүлейманның Богдан жорығында орданың Прут өзенінен өтуі керек болады.  Янычарылар арасындағы бір сәулетші 13 күнде өте төзімді бір көпір салады.  Османлы армиясы әскерлері және ауыр қаруларымен осы көпірден өтеді. Жорықтың табысты болуында көпір үлкен рол ойнайды. Көпірдің сәулетшісін падиша Кануни бас архитектор ретінде тағайындайды. Сол күнге дейін салған сәулеттері толық танымал болмаса да, сол күннен кейін атағы жер жаратын осы сәулетші Мимар Синан еді.

Тек түрік архитектурасының ғана емес,  әлемдік архитектура тарихының танымал тұлғасы – Синан. Ол – архитектура данасы. 20-ғасырдың ең беделді архитекторларының бірі Ле Корбюзье «Тарих бойы обьектіні толығымен түсінген екі архитектордың бірі» деп атайды оны. Көбіне мешіттерімен атағы шықса да, 16 бөлек түрде 400-ден астам туынды қалдырады Мимар Синан. Осы он алты түрдің ішінде азаматтық сәулет үлгілеріне мысал ретінде көпірлер маңызды орын алады. Мимар Синан кезеңінен бұрын көпірлер адам мен жануарлар өтетін, кейде ат арбалары өтетін обьектілер болатын. Ауыр жүкті көтере алмайтын.  Османлы армиясының ауыр қарулары мен зеңбіректеріне шыдайтын көпірлерді бірінші рет Мимар Синан салады.

Стамбул Бүйүкчекмеже көлінің үстіндегі Кануни Сұлтан Сүлейман көпірі - Мимар Синанның ең маңызды ғимараттарының бірі. Көлдің теңізбен байланысатын бөлімінен өту үшін төрт бөлек көпір салады Синан. Осы көпір жөнінде сәулетші «Көпірлерімнің ішіндегі үздік туындым» дейді. Монументалды деп аталған Кырклареліндегі Синанлы көпірі болса Мимар Синанның арка ені ең үлкен көпірі.

Көпірлерді баяндай отырып,  осы апта Мимар Синанның басқа бір су ғимараты Моглава су аркасы туралы да айтпай кетпелік. Кемербургазда Алибей жылғасына салынған осы көркем арка – әлемдік су сәулетінің үздік туындыларының бірі.  Биіктігі 36 метр екі қабатты осы арканы су тасқындарынан қорғау үшін пирамида түрінде аяқ жүйесімен толықтырады Мимар Синан. Осы ерекшелігі оны әлемде теңдессіз қылады.  Әлемге танымал мешіттерді салмағанның өзінде Моглава су аркасымен танымал болар еді дейді Мимар Синан үшін мамандар.

Синан геология, жер механикасы және статика тақырыбында терең білімімен жер сілкінісі үшін де шара қолданады,  мешіттердің ауа айналымы мен жылыту жүйесін қамдау үшін есептер қолданады. Туындыларында акустиканы да назарға алады, гидролика тақырыбында біліктілігімен таңғалдырады. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі сәулетшілер, инженерлер туындыларын зерттейді, жобалаудағы  шеберлігіне, есептеулердегі мінсіздікке қайран болады. Бес жүз жыл бұрынның білімімен Синанның сол ғимараттарды қалай салғанын түсінуге тырысады.

**

Кейбір деректерге қарағанда, әлемнің ең ұзын тас көпірі – Едирнедегі Ұзынкөпір. Қаратеңіздің тентек жылғаларының үстіндегі екі жағалауды қауыштырады Чифте көпір. Анадолы Селчуктары Қызылырмак өзеніне салғызған алғашқы көпірі – Текгөз көпір. Анадолы жерінің қай жеріне барсаңыз, алдыңыздан міндетті түрде бір көпір шығады. Кейбірі шағын,  кейбірі үлкен.

Өздері салынған дәуірдің технологиясын көрсететін азаматтық архитектура үлгілері осы көпірлер.  Бірақ тек адам немесе көліктердің өтуін қамдау емес міндеттері, сонымен бірге өткен күн мен болашақ арасындағы байланысымыз олар.

**

Бүгін сіздерге Анадолы территориясындағы көпірлер мен әлем қайран болған сәулетші Мимар Синан туралы айтып бердік.

 

 



Ұқсас жаңалықтар