Қытай мен Батыс медиа саласында қақтығыс артты

Еуразия күн тәртібі – 60

1587119
Қытай мен Батыс медиа саласында қақтығыс артты

Бүгінгі бағдарламамызда Қытай мен Батыстың медиа саласындағы қақтығысына тоқталамыз.

Соңғы кезде ұйғырларға байланысты Қытай мен Батыс арасында медиа саласындағы қақтығыстың артқаны байқалуда. Алдымен тақырыпқа байланысты соңғы оқиғаларға көз жүгіртейік.

2021 жылы 4 ақпанда Ұлыбритания Қытай Халық Республикасының CGTN (China Global Television Network) ұйымын шектеді. Ағылшындар арнаның жабылуына сылтау ретінде аталмыш телеарнаның иесі тарапынан емес, Қытай Коммунисттік партиясы тарапынан басқарылғанын алға тартты. The Telegraph газеті MI5-тің журналист атымен тыңшылық жасаған 3 қытайлықты шекарадан шығарғанын жазған болатын.

2021 жылы 5 ақпанда Қытай медиасында Батыстың Шыңжаңға байланысты хабар мен мақалалары теріске шығарылған 24 бабтан тұратын көлемді мақала жарияланды. Шинхуа агенттігінде жарияланған мақалада Майк Помпео, Адриан Зенцтің мәлімдемелерін қамтыған Батыс медиасындағы ұйғырларға қатысты хабарларды теріске шығаруға талпыныс көрсетілді.

Қытайдың ресми «Халық күндігі» газетінде 2021 жылы 8 ақпанда француз жазушы Максим Виваспен өткізілген сұхбат жарияланды. Максим Вивас 2020 жылдың соңында француз тілінде Шыңжаңдағы жағдайға байланысты «Ұйғырлар: Жалған хабарлар аяқталсын» атты кітап жариялады. Вивас сұхбатында террорды тосу үшін Қытайдың Шыңжаңдағы қадамдарын қолдайтынын, CIA басшылығында Қытайға қарсы Батыста қара пропаганда жүргізілгенін білдірді.

2021 жылы 9 ақпанда Қытай АҚШ-тың Clubhouse әлеуметтік желісін шектеді. Соңғы кезеңдерде Clubhouse-да Шыңжаңдағы «Жаттығу лагерлері» таласқа түсуде. 2020 жылы сәуірде басталған Clubhouse әлеуметтік желісі Қытайда соңғы кезде таныла бастаған еді.

2021 жылы 11 ақпанда Пекин әкімшілігі «Қытайдың ұлттық мүддесіне қайшы» және «Заңға қайшы» деген сылтаулармен BBC World News-тің елдегі іс-шараларын шектеді. Бұл әрі CGTN-нің жабыллуына жауап, әрі BBC-дегі ұйғырларға байланысты таралымдарға наразылық мағынасына келеді.

Ақпанның басында 180 адам құқығы ұйымы Пекинде өтуі жоспарланған 2022 Қысқы ойындарды бойкот етуге шақырды. 180 адам құқығы ұйымы ақпанда осы шақыруды тастады, алайда ол кезде Дональд Трамптың митингі күн тәртіпте болғандықтан ойдағыдай әсер жасай алмады.

Сауд Арабиясының Қытайдағы өкілетті елшісі Али Обейд әл-Лахеридің және Пәкістан Сенаты Сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы Мушахид Хусейн Сейіттің ұйғыр мәселесіне байланысты Пекиннің саясатын қолдаған сұхбаттары жарияланды.

Оқиғалардан да байқалғанындай, медиа саласындағы Қытай мен Батыс қақтығысы тездей түсті. Тараптар бір-бірінің медиа ұйымдарын шектеді. Байден әкімшілігінің бұл тақырыпта Трамптың саясаттарын атқаратынына меңзеуі медиа саласындағы топтасудың алдағы кезеңде де артатынын көрсетті. Қытайдың осы тақырыпта жалғыз емес екенін, Пекинді негіз еткен хабар мен таралымдардың Ресей, Пәкістан сияқты елдерде де жариялануынан байқалады. Ұйғыр мәселесінде әрі Қытай, әрі Батыстың мәселені өз мүдделері үшін құралға айналдыру ниеттерін де ұмытпаған жөн.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.



Ұқсас жаңалықтар