Бір түрік ғалымының диабетті емдейтін жаңалық ашқанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 58

1570037
Бір түрік ғалымының диабетті емдейтін жаңалық ашқанын білетін бе едіңіз?

Түрік ғалым, профессор Гөкхан Хотамышлыгилдің семіздік пен қант диабетін емдеуге көмектесетін өте маңызды жаңалықтар ашқанын білетін бе едіңіз?

Семіздік пен қант диабетін емдеу жөніндегі жұмыстарымен танымал профессор Гөкхан Хотамышлыгил семіздік пен қант диабетінде бауырдың ықпалымен байланысты май мен кальций метаболизмі тақырыбында таңқаларлық жаңалықтар ашты. Осы жаңа механизмдерге эксперименттік ортада енгізілген генетикалық өзгерістер нәтижесінде инсулинге төзімділік пен қант диабетін қайтаруға болады.

Хотамышлыгил қазір Гарвард университетінің генетика мен метаболизм ғылымының профессоры және Генетика мен күрделі аурулар кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.

Осы уақытқа дейін көптеген ғалым дайындап түрік студенттерді зертханасына қабылдап карьерасына үлес қосқан Хотамышлыгил метаболизм аурулары жөнінде әлемнің жетекші ғалымдарының бірі болып саналады.



Ұқсас жаңалықтар