Ликия Одағы және оның басты қалалары

Судан бастау алған мәдениет-15

1569737
Ликия Одағы және оның басты қалалары

Анадолы әрбір адымда, әрбір қарыс топырағында бір хикая сыбырлайды келушінің құлағына.  Әлемнің басқа ешбір жерінде осыншама көп хикая естуіңіз мүмкін емес.

 Жерорта теңізі аймағы да көптеген өркениетке бесік болған,  мыңдаған хикаялар баяндайтын бір бөлігі Анадолының. Ликия, Псидия және Памфилия секілді ежелгі дәуірдің жұлдыздары қайта айтып береді замандастарға хикаяларын.  Сол дәуірден қалған мұра бүгін бар келбетімен қайта ашылады Анталия және төңірегінде.

**

Осы жұлдыздардың арасынан «Жарық елі» деген мағынаға келетін Ликиямен басталық.  Бүгінгі күні Анталия мен Фетхие шығанағы арасында орналасқан Теке түбегінің ежелгі дәуірдегі аты – Ликия. Анадолының байырғы тұрғындарының бірі лувилер осы аймақты «Лукка» деп атаған. Уақыт өте келе эллин тілінде «Ликияға» айналған. Анталия территориясында орналасқан Ксантос, Патара, Олимпос және Фаселис 23 қаладан тұратын Ликия Одағының ең маңызды қалалары болып саналады.  Ежелгі дәуірдегі халық саны екі жүз мың адам деп болжалған Ликия Одағы тарихтағы ең демократ одақ болып қабылданады.  Ликиялықтар еркіндіктерін сүйетін және жауынгер халық деп айтылады.

Ксантос – Ликия Одағына бас қала болған қалалардың бірі.  Ежелгі дәуірдің ең танымал ақыны Гомер Илиада дастанында Троя соғыстарында шайқасқан әскерлердің атамекені деп айтады Ксантосты. Рим дәуірінен қалған көптеген ескерткіш мазармен танымал Ксантос бүгінгі күні ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде тұр. Ликиялықтар өз аймақтарының табиғи құрылыс материалынан салған қабірлері бүгін ең назар аударатын мәдени мұра ретінде қабылданады.

**

Екі мың жылдық ежелгі қала Патара – әлемнің тұңғыш мәжіліс ғимаратымен танымал.  Ұлы ойшыл Монтескью осы ғимаратты «Ежелгі дәуірдің ең кереметі» деп мақтап кеткен. Ликия Одағына кейіннен қосылған Фаселис жоғары инженерлік өнімі деп аталған су тарату жүйесімен және үш бөлек портымен назар аударады.  Бір өзеннің екі жағасына құрылған Олимпос болса аңыздарға арқау болған «өшпейтін оттың қаласы» ретінде атағы шыққан.

Әрине бұл қалаларды бір сөйлеммен баяндау мүмкін емес.  Біз Патараны және оның сумен байланысын баяндап береміз бүгін.

**

Патара Рим дәуірінде Ликия Одағының бас қаласы болады.  Эллиндік дәуірде де маңызды қала болған.  Жерорта теңізінің шығысының ежелгі дәуірдегі үш астық қоймасының бірі.  Сондықтан ғасырлар бойы сауда орталығы болған.  Мифологияда да, діндер тарихында да ерекше орынға ие Патара.  Себебі жарық пен өнердің,  сонымен бірге мифологияның ең маңызды құдайларының бірі Апполоның Патарада дүниеге келгені айтылады. Ол осы территорияның, Анадолының құдайы. Сансыз құжатта,  жазба материалдарда аты кездеседі. Көптеген храм мен қасиетті мекен оған арнап салынған.

Рим императоры Нерон, яғни Римді өртегені айтылған Нерон шамамен екі мың жыл бұрын Патараға бір теңіз маягын салғызады. Маяктың үстінде Рим императоры Нерон салғызғаны жөнінде бір жазба бар. Осы маяк әлі күнге құламай тұр. Екі мың жыл бойы құламай қалған, әлемнің ең байырғы теңіз маягы деп аталады Патара теңіз маягы. Әлемнің ең ескі маягы деген кезде есіңізге Мысырдағы Александрия маягы келуі мүмкін.  Бірақ өкінішке орай Александрия маягынан бүгінге еш нәрсе қалмаған. Ол туралы мәлімет тек тарих кітаптарында жазулы. Міне,  сондықтан Патара қаласындағы маяк ежелгі маяктар арасында бүгінге күнге толықтай жеткен, ең байырғы және жалғыз үлгі деп қабылданады.  Жүздеген жылға, жер сілкіністеріне,  соғыстарға,  теңіздің тентек толқындарына мойымай, бүгінгі күнге жеткені сіздің ойыңызша да керемет емес пе?

**

Аңыздарда Санта Клаус деп аталған Әзіз Николай да Патара қаласынан. Негізінде ол Демре маңындағы ежелгі Мира қаласының бас эпископы. Бірақ аңыздар шындықтарға қарағанда көп назар аударады және есте көп сақталады. Міне,  Патара әрі Аполло, әрі Санта Клаус себебімен көптеген жылдан бері назарды аударып келеді. Тек солар ғана ма... Амфи театры, Рим Жеңіс тәжі, Тепежик қабірстаны, храмдары, ұзындығы 12 километрге жететін жағажайы, тұқымы жойылып бара жатқан каретта каретта тасбақасымен де танымал Патара.

**

Патараны баяндап өткеннен кейін енді осы маңызды қаланың сумен байланысын айтуға кезек келді.  Анадолыдағы су инженерлігінің тарихын түсіндіру үшін Патара өте маңызды.  Себебі бір бірінен қызықты, өте түрлі үлгілер бар осы ежелгі қалада. Көпірлер, су қоймалары, құдықтар бір шетте тұрсын, Патарада Рим дәуірінің ең маңызды су инженерлігі ескерткіштерінің бірі орналасқан. Ежелгі қалаға су жеткізген көркем су жолы болып табылатын Деликкемер – инженерлік біртуар туынды. Анадолының археологиялық мұрасының теңдесі жоқ ғимараттарының бірі ретінде қабылданады.  Деликкемер ортасы тесік, едәуір үлкен тас блоктардан тұрады. Заманауи физика қағидалары орындалып,  биік жерлердегі судың сайлардан оңай өтіп кетуіне мүмкіндік береді. Тастан жасалған құбырлар бірінің ішіне бірі орналасқандықтан бір бірімен қатты қабысқан. Жөндеу немесе өзгеруі керек кезде жеңілдікпен шығарылған. Су ғимараттары басқа ғимараттардан өзгеше жүйелі күтім, жөнеу және жаңалау жұмыстарын қажет етеді. Деликкемердің осы тұрғыдан жеңілдігі оны одан сайын маңызды қыла түседі.  Айырықша осы жүйе арқылы су құбырдың ішінен өткен кезде желденеді. Осылардың барлығын көрген кезде римдік инженерлердің бұдан жүздеген жыл бұрынғы физикалық және гидрологиялық біліміне тәнті болмау мүмкін емес.

**

Осындай керемет өркениеттің іздерін көргісі келетіндер үшін Түркияның тұңғыш ұзын қашықтықты жолы – Ликия жолы туралы айтып берелік. Эвкалипт, сандал ағашы және зәйтүн ағаштары арасынан өтетін 550 километрлік жол. Осы жолдың барлығын жүріп өтетіндер жол бойында жиырма шақты ежелгі қала көреді. Көгілдір мен жасыл түс тоғысқан керемет сұлу шығанақтарды тамашалай алады. Осы жолды толығымен жүріп өту оңай емес.  Жолдың кейбір жерлері кедір-бұдырлы,  кей жері таулардан өтеді. Сондықтан адамдардың таңдауына қарай түрлі роталар қалыптастырылған. Өзіңіздің қалауыңыз бойынша маршрут айқындап, осы жолдан жүріп өтуіңізге болады. Жол бойындағы керемет шығанақтарды таудың шыңынан көруді ұнататын боларсыз. Бәлкім түнде жағажайға қонуды таңдарсыз. Бәлкім ежелгі қала қалдықтары арасында серуендеп,  бәлкім киікоты иісімен орманда жүруді қалайсыз. Таңдау сіздікі. Ликия жолынан жүріп өтсеңіз де, жүрмесеңіз де соңғы қазбаларда Ликия қалалары арасындағы қашықтықты көрсететін бір жол нұсқаулық бар екенін және осы нұсқаулықтың әлемдегі ең ескі және ең ауқымды нұсқаулық екенін ұмытпаңыздар.

  Ликия Одағын және оның астаналарының бірін,  тарихтың тұңғыш мәжіліс ғимараты мен әлемнің ең байырғы теңіз маягы тұрған Патараны және Патарадағы инженерлік біртуар ғимарат Деликкемерді баяндап бердік сіздерге.

 

 



Ұқсас жаңалықтар