2020 Түркия-Еуразия қарым-қатынастары жақсы өтті

Еуразия күн тәртібі – 55

1564616
2020 Түркия-Еуразия қарым-қатынастары жақсы өтті

Бүгінгі бағдарламамызда 2020 жылы Түркияның Еуразия елдерімен қарым-қатынастарының қалай өткеніне тоқталамыз.

2020 жылы күллі әлемде коронавирус себепті сапарлар жасалмаған, шекаралар жабылған, экономикалық жақтан ауыр бір жыл болды. Бұған қарамай, Түркия Еуразия елдерімен қарым-қатынастарын жанды ұстауға талпынды. Жыл басында және соңында өзара сапарлар жасалды.

2020 жылы 7 қаңтарда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Түрік ағымы мұнай құбыр желісінің тұсау кесер рәсімі үшін Стамбұлға келді. Екі ел арасындағы диалог жыл бойы жалғасты және келіссөздер нәтижесінде Сирия, Ливия және Әзербайжандағы мәселелердің шешіміне есе қосылды.

Түркия-Украина қарым-қатынастары тұрғысынан 2020 жылы өте пайдалы өтті. Екі ел басшылары өзара сапар ұйымдастырды. Жоғары өредегі зияраттар жыл бойы жалғасты. Түркия мен Украинаның Сыртқы істер мен Қорғаныс министрлерінің қатысуымен алғаш рет «Екі қосу бір» үлгісіндегі жиналыс өткізілді. Қорғаныстан экономикаға дейінгі түрліше салада маңызды келісімдер жасалды.

Президент Режеп Тайып Ердоған 2020 жылы Әзербайжанға екі мәрте сапарлай барды. Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы Сахиба Гафарова алғашқы шетелге сапарында Түркияға келді. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Әзербайжанға сапармен барды.

Таулы Қарабахты жаулап алудан құтқару процесінде Әзербайжанға толық қолдау берген Түркия 2020 жылы Әзербайжанмен стратегиялық өредегі қарым-қатынастарын жоғары дәрежеге көтерді. Ортақ әскери жаттығулар жасалды, төлқұжатпен өзара сапарлаудың жолы ашылды.

Түркия Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 2020 жылы 27-28 қазанда Қазақстан мен Өзбекстанға ресми сапармен барды. Түркияның Орталық Азия елдерімен қорғаныс ынтымақтастығы байланыстарын тың өреге көтеру тілегі Анкараның аймақтағы басымдылығын арттыруы, одақтастарымен ынтымақтастығын бекемдеуі, бауырластық қолын созуы тұрғысынан өте мағыналы болды.

2020 жылы Түркия Ковид-19 індетімен күрес барысында Еуразиядағы көптеген елге жәрдем жасады. Түркия осы елдерге медициналық материалдармен бірге аурухана құрылысы және жөндеу, тәжірибелерін бөлісу, азық-түлік жәрдемі сияқты тақырыптарда қолынан келген көмегін аямады. Түркия Еуразия географиясындағы қатысты елдердің індет процесінде дәрігер жетіспеу мәселесін шешу үшін Түркияда жұмыстағы немесе медицина мамандығын үйреніп жатқан дәрігерлердің белгілі мезгілмен елдеріне барып, науқастарды емдеуі үшін рұқсат берді.

Түркияның талпынысымен Түркі әлемінен денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер Измирдегі Карантин аралында індетпен күрес тақырыбын талқылады.

Темір жолы қатынасы пандемия процесінде басты орынға шықты. 2020 жылы Түркиядан Қырғызстан, Өзбекстан және Қытайға тұңғыш рет жүк пойызы қатынады. Трансит орындағы Түркия пандемияға қарамай қатынастың үзілмеуі үшін талпыныс көрсетті.

Ая-Софияның ғибадатқа ашылуы Еуразия географиясындағы мұсылман халықтар тарапынан қуанышпен қарсы алынды.

Қорыта айтқанда, 2020 жылы Түркия Еуразия географиясындағы елдермен қарым-қатынастарын бекемдей түсті. Аймақтағы Әзербайжан және Украинамен екі жақтылы қарым-қатынастар тың белеске көтерілді.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.



Ұқсас жаңалықтар