НАТО-ның алғашқы әскери әйел ұшқышының түрік екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 21

1556613
НАТО-ның алғашқы әскери әйел ұшқышының түрік екенін білетін бе едіңіз?

1933 жылы дүниеге келген Леман Бозқұрт Алтынчекич Түркия және НАТО-ның алғашқы әйел әскери (реактивті) ұшағының ұшқышы.

Жас кезінен бастап ұшуды армандаған Алтынчекич мектепті бітірген жылы өзінің армандарын жүзеге асыру үшін үлкен қадам басып, «Түрккушу Инөню» практикалық ұшу орталығында планермен айналысады.

1954 жылы әйелдерді Түрік Қарулы күштері қатарына қабылдауға мүмкіндік беретін шешімнің арқасында ол Измир Әуе күштері академиясына құжат тапсырып, 1955 жылдың қазан айында осында оқуын бастайды.

Турбиналы винтті ұшақтармен жалғастырған оқуын 1957 жылы бітіріп шықты. Ол кезде әлемдегі ең ірі әскери одақ болған НАТО небәрі 5 жаста болатын. Леман Бозқұрт Алтынчекич одан да биікке ұшуды қалап, турбореактивті ұшақ даярлығынан өтеді.

Алған турбореактивті ұшқыш лицензиясымен тоғыз жыл бойынша көгілдір аспанда ұшқан Алтынчекич сонымен қатар Түркия мен НАТО күштерінде алғашқы және ұзақ уақыт бойы жалғыз әйел турбореактивті ұшқыш болды.



Ұқсас жаңалықтар