Арменияның болашағы тым жақсы емес

Еуразия күн тәртібі – 48

1535106
Арменияның болашағы тым жақсы емес

Бүгінгі бағдарламамызда Арменияның болашағына тоқталамыз.

2020 жылы 10 қарашада Армения Таулы Қарабахтағы соғыста жеңілгенін қабылдап, атысты тоқтату үштік келісіміне қол қоюға мәжбүр қалды. Келісім жасалғаннан бері Арменияда жағдай тынышталмай, Ереванда оппозиция премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуі талабымен протест ереуілдерін ұйымдастыруда. Қауіпсіздік пен бақылау күштері де оппозиционерлерді төңкеріс жасауға талпынғаны сылтауымен түрмеге жабуда. Үкіметтің Сыртқы істер, Қорғаныс, Білім беру, Ғылым және Спорт министрлері отставкаға кетті. Армения Төтенше жағдайлар министрі мен Еңбек министрі міндетінен алынды. Бірнеше депутат пен жоғары өрелі лауазымды міндеттен кеткендерін жариялады. Еревандағы саяси дағдарысқа Әзербайжаннан Арменияға қашқан жүз мыңнан астам армян көшпендінің мәселесі де қосылды. Осы оқиғалар Арменияның болашағына байланысты алаң туғызды.

Арменияда оппозиция Никол Пашинян отставкаға кеткенге дейін протесттерді жалғастыруға шешім жасады. Президент Армен Саркисян ерте сайлау өткізуді қолдап, Пашинянды отставкаға шақырды. Елде осы оқиғалар болып жатқанда, Батыс пен Ресей арасында Арменияның болашағына үкім жүргізу талас-тартысы да асқынды.

21 қарашада Ресей Қорғаныс, Сыртқы істер, Денсаулық сақтау министрлері мен өзге лауазымдылардан құралған делегация Ереванға келді. Пашинянның билікке келуімен Ереван-Мәскеу қарым-қатынастары кірбең күйге түскен еді. 44 күн жалғасқан Қарабах соғысы Ресейдің Армениядағы орнын бекемдеу үшін орай жаратты. Ресей делегациясының басты күн тәртібі Қарабахтағы жағдайды талқылау болғанымен, перде артында Армения әкімшілігімен қарым-қатынастардың болашағын үстелге қою ниеті бар екені айқын байқалды.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Таулы Қарабахта Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысты тоқтатқан келісімде рол атқармағаны түсінігімен АҚШ пен Франция Ресейге ренжіді» деген мәлімдеме жариялады. Франция президенті Эммануэль Макрон Минск тобының оқиғаға араласуын және халықаралық бақылау күшінің Қарабахта міндет атқаруын сұрады.

Франция бастаған Еуропа елдері «Қарабахтың тәуелсіздігін қабылдаймыз» деп жар салды. Негізінде Пашинян да осындай шақыру тастаған еді. Батыстықтар соңғы оқиғалардан кейін ойынның сыртында қалғылары келмеді.

Армения 28 жылдық жаулап алудың төлемі ретінде Әзербайжанға мөлшермен 50 миллиард долларлық төлемақы төлеуге мәжбүр қалды. Бұл ақшаға аймақтың жер астындағы кендеріне берген зияны қосылмайды.

Арменияның қазіргі жағдайы нашар екені баршаға аян. Алдағы кезеңде елде ерте сайлау өткізілуі мүмкін. Ереван әкімшілігінің Мәскеу мен Париждегі одақтастарына, түрліше елде тұратын бай диаспорасына сенбей, алдымен әр күн жүздесіп отырған көршілерімен байланыстарын жақсартуы керек. Егер армяндар «Ұлы Армения» және «Ауыз жүзіндегі қырғын» пайымдауларынан бас тартса, экономикалық жағдайын жылдам оңау мүмкіндігін де табады. Армения Түркия арқылы Батысқа, Грузия арқылы Қаратеңізге, Әзербайжан арқылы Азияға ашылатын аймақ елдерімен қарым-қатынастарын тың сатыға көтеруі әбден мүмкін. Арменияда бұрылыс кезең болып жатқанда соңғы шешімді бәрібір армян халқы жасайды.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.


 

 



Ұқсас жаңалықтар