Ататүріктің әлемде спортты міндетті қылған алғаш тұлға екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 48

1532269
Ататүріктің әлемде спортты міндетті қылған алғаш тұлға екенін білетін бе едіңіз?
Atatürk ve spor_02.jpg
Atatürk ve spor_01.jpg

Бүкіл әлемде дене тәрбиесін өз елінде міндетті қылған алғашқы мемлекет қайраткерінің Мұстафа Кемал Ататүрік екенін білетін бе едіңіз?

Ататүрік - спортқа, спортшыларға және спорт клубтарына үлкен мән берген және өз елінде дене тәрбиесін (дене шынықтыруды) міндетті қылған әлемдегі алғашқы мемлекет қайраткері.

«Мықты бас күшті денеде болады» деген сөзі оның спортқа қаншалықты мән беретіндігін түсіндіреді. Ол күрестен бастап, футбол, су спорттары, жүзу, есу, атқа міну, авиация және ату спорттық түрлерімен жақын шұғылданып, бұл спорт түрлері бойынша федерациялардың құрылуына мұрындық болды.

Ататүрік қайтыс болғаннан кейінгі бірнеше күнде сол кездегі Еуропада ғана емес, әлемде ең абыройлы спорттық француз газеті «L'Auto» көлемді мақаласында Ататүріктің спорт үшін маңыздылығын ұзағынан мақтап жазды.

Аталмыш мақалада мына сөйлемдер қатты назар аударды:

«Дене тәрбиесін өз елінде міндетті қылған әлемдік деңгейде алғаш мемлекеттік қайраткер болды. Мұны тек қана қағаз жүзінде немесе үндеулерінде емес, тікелей қатысып орындады. Ол стадиондар мен түрлі спорт кешендерін салдырды. «Халық үйлері» қоғамдарының спорт үйірмелерін өзі қадағалап, халық өз тағдырын қолына алған күннен бері Түркияда спорттың басымдылығы мен маңызы арта түсті».



Ұқсас жаңалықтар