"Ататүрік" бөгетінің Еуропаның ең үлкен су бөгеті екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 47

1528147
"Ататүрік" бөгетінің Еуропаның ең үлкен су бөгеті екенін білетін бе едіңіз?

Оңтүстік шығыс Анадолыдағы Евфрат өзенінде салынған Ататүрік бөгетінің Түркия мен Еуропаның ең үлкен су бөгеті екенін білетін бе едіңіз?

 

Адыяман мен Шанлыурфа қалалары арасында Евфрат өзенінде салынған Ататүрік су бөгеті құрылыс жұмыстары 1983 жылы басталды және 1992 жылы пайдалануға берілді. Энергетикалық және ирригациялық мақсатты салынған бөгет 84,5 млн текшеметр тау жыныстары мен жерді толтыру көлемі бойынша әлемде 6-шы орында. Су электр станциясы әлемдегі 5-ші ірі электр станциясы болып табылады. Түркиядағы су электр станциялары өндірілетін энергияның 20 пайызын қамтамасыз етеді.

Толығымен түрік жұмысшылары мен инженерлерінің қолынан шыққан бұл үлкен бөгеттің кеудесі 80 айда салынып бітті. Бөгет салу арқылы пайда болған 817 шаршы шақырымдық жасанды көлде халықаралық су спорттары фестивалі ұйымдастырылып, спортшылар желкенді, сүңгу және жүзу сияқты категориялар бойынша бірі-бірімен жарысуда.

Сондай-ақ қатынас мақсатты паромдар пайдаланылады. Бөгет көлі балық аулау тұрғысынан да аймақ халқына маңызды бір ресурс ұсынады.



Ұқсас жаңалықтар