Вавилон мен Акад елінде өркениет

Судан бастау алған мәдениет-4

1527453
Вавилон мен Акад елінде өркениет

Адам  баласы тарихының қай сатылардан өткенін зерттеп көргендер судың осы процесте адам тағаларлық дегейде үлкен рол ойнағанын байқайды. Су тек өмірімізге қажетті бір қайнар емес, сонымен бірге өркениет тарихын қалыптастырған фактор.

**

Анадолы территориясын да қамтитын Месопотамия өркениеттерін баяндайтын уақыт ішіндегі сапарымызды жалғастырайық. Месопотамия өркениеттері үшін топырақ- әйел құдай,  су болса әке құдай деп қабылданатын еді. Топырақ туатын, су да жан беретін. Сондықтан өздері өмір сүрген кезде құдай деп қабылданған оларды,  су мен топырақтың ашуынан сақтану, мол өнім алу үшін құрбан шалатын адамдар. Себебі тірі қалулары топырақ пен суға байланысты болатын. Олардың маңызды мақсаттары тамақтану және баспана еді. Өркениеттің осы екі табиғи қайнар көзбен пішінделетінін, ғасырлардан кейін де маңызынан айрылмайтынын, тіпті артып жалғасатынын білмейтін еді.

**

Өркениет өзінен бұрынғы өркениеттің ізінен жүріп, оның жетістіктеріне жаңа жетістіктер қосып жалғасты мыңдаған жыл ішінде. Көбі шапқыншылықта жойылуға,  қиратылуға тырысса да, ешқашан толығымен жойылмайды өркениет. Өркениет өзінен кейінгі өркениеттерге әсер етуін жалғастырады. Сол шығымды жерлерде,  Месопотамияда да бірінен соң бірі өркениеттер,  мемлекеттер құрылады. Өркениетке үлкен үлес қосқан ең маңызды Месопотамия өркениеті шумерлерден кейін акадтар тарихтағы орнын алады. Ассирия және Вавильон халықтарының атасы болған жауынгер ел Акад елі. Алдымен Шумер елінің қала мемлекеттерінде жұмысшы болып жұмыс істейді, артынан көтеріліс бастап, өз мемлекеттерін құрады.  Шумерлерге керісінше акадтар мықты орталық әкімшілік құрады. Сондықтан акадтар тарихтағы тұңғыш орталық королдықты құрған мемлекет ретінде танымад.  Тарихтағы белгілі тұңғыш жүйелі орданы да солар құрады.  Осы басқару түрі мен жауынгер қоғам болғандықтан шекараларын оңай кеңейтеді және тарихтағы белгілі алғашқы империяға айналады.

Акадтар ағын сулардың саудадағы маңызын да байқады. Евфрат өзенінің Бафра шығанағында сауданы қамдайтын негізгі қатынас құралы екенін түсінеді.  Бірақ сауда жасап,  баюдың орнына басқа әдіс жүргізеді.  Өзен бойы құрылған елді мекендерге шабуылдап, өз елдеріне қосыпп алады. Осылайша қысқа уақытта әрі шекараларын кеңейтеді,  әрі байиыды. Анадолының кен тұрғысынанда бай екенін біледі және осы аймаққа жорықтар ұйымдастырады. Тарихи жазбалардан алынған мәліметтерге қарағанда, Аманос тауларын және Күміс деп аталған Тавр тауларын басып алады.  Тұз көлі маңындаңы Ажемхөүйүкке, яғни Орталық Анадолыға дейін жорық жасайды осы жауынгер халық. Анадолыда үлкен орталық мемлекеттің орнына бір бірлерімен соғысқан қала мемлекеттерінің болуы оларға пайда келтереді. Осы табысты жорықтардың нәтижесінде аймаққа билік құрған,  мықты ел болады акадтар.

**

Бүгінгі күні өміріміздің бас тартылмас құралдарының бірі болған компьютердің атасы не екенін білесіздер ме?Бәлкім таңғаласыз, бірақ осы сұрақтың жауабы абак деп аталатын есеп тақта. Түрлі түсті тастары болатын абакты барлығымыз балалық кезден бері білеміз.  Көбіне ойыншық деп есептейтінбіз. Бізді математикамен таныстырды. Тастары қозғалатын абак тұңғыш есеп машинасы. Неге абак туралы айтып кеттік деп ойлайсыз? Себебі абакты бірінші рет тапқан және қолданған өркениетті айтуға келді кезек. Абакты ойлап тапқан вавилондықтар болатын. Санап білмейтін қоғамдармен жасалған саудада өте маңызды болатын. Осы маңыздылығын ғасырлар бойы сақтап қалды абак деп аталатын есеп тақтасы. Оның үстіне математикада талассыз маңызға ие ноль ұғымының жетілдірілуінде де рол ойнады. Әрине ол кездері түрлі түсті тастардың орнына тас,  фасоль және балшықтан жасалған моншақтар қолданған. Артынан кейін келе қытайлар абакты жетілдіре түскен.

Ал вавилондықтар кім еді?  Адамзатқа те абакты сыйлады ма? Акадтардан кейін аймаққа билік құрған басқа бір алғашқы дәуір өркениеті болатын.  «Баб» және «илю»» сөздерінің бірлесуінен қалыптасқан Вавил аты «Құдайдың қақпасы» деген мағынаға келетін. Адам баласына қосқан үлестерін баяндау көп уақытқа созылуы мүмкін,  себебі шыныменен де вавилондықтарға көп нәрсе қарыздармыз,  енді осы өркениетке бірге көз жүгіртейік.

Пи саны деп аталған 3,14-тің орнына осы санға өте жақын 3,12 санын қолданған.  Математиктер мұны сол дәуір үшін өте таңғаларлық деп есептейді. Суғару жүйелері тақырыбында жұмыстанған және өздері жетілдірген жүйелермен суды биіктеткен машиналар жасап шығарған. Шумер елінен қалған мәліметтерді жетілдіріп,  жұлдыз бен ғаламшарлардың қашан айналғаны жөнінде карталап қалыптастырған.  Осы карталарға қарап,  болашақты көру тақырыбында алғашқы бастамалар вавилондықтарда болған. Астрологияның іргетасын қалағандары айтылады.

«Тарихтағы тұңғыш жазбаша заңдар» десек, көбіңіздің есіне бірден Хаммураби заңдары келеді.  Негізінде алғашқы жазбаша заңдарды шумерлер шығарады. Шумерлерден кейін құрылған Вавилон өркениеті болса жаңа қағидалар мен заңдар қалыптастырып,  282 баптан тұратын тарихтағы алғашқы атазаңды жазады. Вавилон  патшасы Хаммураби осы заң арқылы елінің бірлігі мен тәртібін қамдайды.  Шамамен биіктігі екі метр тасқа сына жазумен жазылған осы заңда мүлік ұғымы ортаға шығады. Су қымбат осы жерде суға байланысты баптар да орын алады.

Вавилон деген кезде,  Аспалы бағы  мен Вавилон мұнарасы туралы айтпай кетуге болмайды.   Ежелгі дәуірдің жеті кереметінің бірі ретінде қабылданған Вавилонның аспалы бағы. Жүргізілген қазбаларда маңызды деректер табылса да, тап қай жерде екені әлі белгісіз. Осы қазбаларда бақтың қабат қабат екені және бақтарды суғару үшін иілетін каналдармен өзеннен су тартқандары болжанады. Сол кездегі жазбаша деректерден бақтың биік бағаналардың үстінде орналасқаны,  үлкен өсімдік пен ағаштардың өсуіне мүмкіндік беретін үлкен топырақ шұңқырлар болғаны белгілі.  Евфрат өзенінен тартылған судың сорғы арқылы жоғары қабаттардағы бақтарға жеткізілгені, осы бақтардың күмбездер мен бағаналардан тұрғаны айтылады. Осы көркем бақтың ішіне Вавилон құдайына жету үшін мұнара салған вавилондықтар, бірақ парсы басқыншылығы барысында құлаған.  Кейінгі дәуірде Ұлы Ескендір Вавилонға келген кезде мұнараның қираған түріне де қайран болып,  жөндеу үшін мыңдаған адамды жеккен. Осы мұнараның діни кітаптарда аты кездесетін мұнара болып болмағанын білмейміз,  бірақ әрі Тәуратта, әрі Інжілде,  әрі Құран Кәрімде өзіне орын тапқан осы мұнара. Вавилон мұнарасының ең белгілі аңызы былай: Адамдар құдайға жету үшін жұмаққа дейін баратын бір мұнара салуға шешім береді. Осы шешім құдайды ашуландырады.  Құдай мұнараның құрылысында жұмыс істейтін кісілердің әрқайсына бір бір тілден беру арқылы жазалайды оларды. Осылайша адамдар арасындағы байланысты үзіп, мұнараның құрылысын тоқтатқан екен дейді. Мұнара құрылысында істеген кісілер де өз тілдерінде сөйлейтін басқа адамдарды табу мақсатымен әлемнің түкпір-түкпіріне тарап кетеді.  Әлемдегі түрлі тілдер осылай жаратылған деседі. Бұл бір аңыз болса да бір жағынан адамдардың тәкаппарлығы мен сұлулыққа құштарлығын, бір жағынан қабілеті мен талабын көрсетуі тұрғысынан Вавилон мұнарасының символикалық мағынасы бар.

 



Ұқсас жаңалықтар