Грузияда жалпы сайлау өткізілді

Еуразия күн тәртібі – 46

1526657
Грузияда жалпы сайлау өткізілді

Бүгінгі бағдарламамызда Грузияда болған жалпы сайлауға тоқталамыз.

2020 жылы 31 қазанда Грузияда жалпы сайлау өткізілді. 10-шы кезекті Парламент депутаттарын сайлау үшін 3.5 миллион сайлаушының мөлшермен 2 миллионы дауыс берді. Сайлау болған күні 6 мың журналист, 47 мың жергілікті және шетелдік бақылаушы, 80 мыңнан астам партия өкілі жалпы сайлауды бақылады.

Грузия Орталық сайлау ұйымының мәліметіне қарағанда сайлауға қатысқан 48 партия мен 2 сайлау тобының тоғызы 1 пайыз сайлау өткелінен өтті. Билік басындағы «Грузия арманы» партиясы дауыстың 48 пайызын жинап, жеңісін жариялады. Оппозициядағы Бірлік ұлттық қозғалысы мен Біріккен оппозиция тобы 27 пайыз дауыс алды. Қалған партиялардың дауыс мөлшері 4 пайызға жетпеді.

Сайлау нәтижесіне наразылық көрсеткендер сайлаудың күшін жою үшін 1 қарашадан бастап митинг ұйымдастыруда. Оппозицияның үлкен митингі 8 қарашада өткізілді. Мәжіліске кірген 8 партия және басқа жеңілгендер ерте сайлау өткізуді, Орталық сайлау кеңесі төрағасының отставкаға кетуін және саяси тұтқындардың босатылуын сұрауда. Ортақ мәлімдемеге қол қойған оппозиция партиялары сайлау құжаттарын алмайтындарын, биліктегілер талаптарын орындамаса, әрекет жоспарын жариялайтындарын білдірді.

Мәжілістің жұмысты бастауы үшін сайланған депутаттардың жартысынан көбінің мандаттарын алып, жұмысқа дайын болуы керек. Билік басындағылар осы санға қол жеткізіп отыр. Алайда депутаттардың жартысын құрайтын оппозицияның үстелге отырмауы ел тұрақтылығына тікелей әсерін тигізеді.

Грузия Мәжілісі 150 депутаттан құралады. 150 депутаттың 120-сы мөлшерлі жүйеге, 30-ы көпшілік жүйеге қарай белгіленеді. Көпшілік жүйеге сай сайлау өткізілген 16 аймақта 21 қарашада екінші тур сайлау өткізіледі.

«Грузия арманы» партиясы жалпы сайлауды арт-артынан үш мәрте жеңіп алды. Үкіметтің әсіресе індеттің бастапқы кезінде жасаған сақтық шаралары партияның мәртебесін өсірді. Алайда індеттің күзде ел көлемінде артуы және шектемелер себепті экономиканың тұйыққа тірелуі үкіметтің жұмысын қиындатты.

Оппозицияға айналған бұрынғы президент Михаил Саакашвили ұзақ уақыттан бері шетелде. Елде реформа бастаған, алайда Ресеймен соғысқа кіріп, билікті жалғастыра алмаған Михаил Саакашвилидің билікке, осы арқылы еліне оралу арманы бұл жолы да орындалмады.

Грузия барлау ұйымы 6 қарашада бұрынғы қауіпсіздік күштері өкілдерінен құрылған және атазаңдық тәртіпті құлатуды мақсат еткен бір топтың бар екенін жариялады.

Үкімет Ковид-19 індетін жұқтырған адам санының күндік 3 мыңға көбейгенін сылтау етіп, 9 қарашада үлкен қалаларда шектемелер бастады. Індет пен шектемелер оппозицияның протест өткізуін де қиындатты.

Грузия парламенттік жүйені қабылдағандықтан жалпы сайлау өте маңызды. Сол себепті оппозиция күресті жалғастыруда. Алайда Қарабахта қақтығыс жалғасып жатқанда Грузияның ел ішіндегі саяси тұрақтылықты қорғауы да өте маңызды болмақ.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.


 

 



Ұқсас жаңалықтар