Анкарада Табиғат тарихы мұражайы бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 44

1515639
Анкарада Табиғат тарихы мұражайы бар екенін білетін бе едіңіз?
ankara tabiat tarihi müzesi_01.jpg

Түркияның алғашқы Табиғат тарихы мұражайының Анкарада екенін білетін бе едіңіз?

Түркияның алғашқы және ең үлкен табиғат мұражайы 1968 жылы Анкарада Минералды ресурстарды зерттеу және іздестіру бас дирекциясы құрамында құрылды. Түркия мен әлемнің әртүрлі жерінен жинақталған табиғат тарихын түсіндірген көптеген қазба қалдықтары, тас үлгілері, минерал түрлері қойлған мұражай 3 қабаттан тұрады.

Мұражайдың кіріс қабаты «ғарышқа сапар» тақырыбымен қарсы алады келушілерін. Осында Күн жүйесі құрамындағы ғаламшарларды жақсылап тану, Ай жыныстары, найзағай тас және метеориттарды көру мүмкіншіліктері бар. Бұрынғы тіршіліктердің дәлелдері болған омыртқалы және омыртқасыз жануарларға тиесілі сүйектер, өсімдік қалдықтары, 140 миллион жылдық тарихы бар жыртқыш динозаврлар, Мараш пілі мен кит сүйегі музейдің бірінші қабатында орналасқан. Тағы бұл қабатта Түркияның жануар мен өсімдіктеріне тиесілі анимациялық витриналар мен ежелгі дәуірлерге тиесілі адамдар қолданған құралдар мен материалдар қойылған бөлім де бар. Түркияның және әлемнің әртүрлі жерлерінен жинақталған минералдар, сәндік тастар және жартас үлгілерімен Түркияда кеншілік тарихымен байланысты үлгілерді болса мұражайдың екінші қабатында көруге болады.

Зағип келушілер үшін арнайы дайындалған бөлімімен мұражай Түркияның алғашқысы болу ерекшелігіне ие.



Ұқсас жаңалықтар