Қырғызстанда қақтығыстар жалғасып жатыр

Еуразия күн тәртібі – 43

1514122
Қырғызстанда қақтығыстар жалғасып жатыр

Еуразия күн тәртібі – 43

Бүгінгі бағдарламамызда Қырғызстандағы соңғы оқиғаларға тоқталамыз.

2020 жылы 4 қазанда Қырғызстанда жалпы сайлау өткізілді. Қырғызстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда сайлауға қатысқан 16 партия арасынан «Бірімдік», «Мекенім Қырғызстан», «Қырғызстан» және «Бүтін Қырғызстан» қатарлы 4 партия 7 пайыздық өткелден өтті. Сайлаудың нәтижесіне наразылық көрсетушілер сайлаудың күшін жоюы үшін 5 қазанда Ала-Тоо майданында митинг ұйымдастырды. Ереуілшілер 6 қазан күні азандағы сағат 03:00-де Парламент ғимаратына кірді. Түнде қолдаушылары Алмазбек Атамбаев, Сапар Исаков, Садыр Жапаров сияқты түрмеде отырған саясатшыларды босатты. Қауіпсіздік күштері мен протестшілер арасында шыққан қақтығыстарда жүздеген адам жараланды, 19 жасар азамат қаза тапты.

6 қазанда Қырғызстан премьер-министрі, Мәжіліс төрағасы, жергілікті әкімшіліктегі әкімдер және қала әкімдері отставкаға кетті. Орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижесінің күшін жойды. Оппозициялық партиялар арасында уақытша үкімет үшін бәсеке басталды. 9 қазанда Ала-Тоо майданында өзінің үміткерін премьер-министрлікке әкелуге талпынған екі топ арасында қақтығыс шықты. Садыр Жапаровты қолдаушылар Өмірбек Бабановтың қолдаушыларын майданнан шығарды. Жағдайды ушықтырмау үшін президент Сооронбай Жээнбеков 10 қазанда Бішкек қаласында төтенше жағдай жариялады. Сол күні Алмазбек Атамбаев екі оққағарымен бірге қайта ұсталды.

Қырғыз Парламенті Жоғарғы кеңесінің 6-шы кезекті депутаттары үш мәрте бас қосып, 13 қазанда Садыр Жапаровты премьер-министрлікке сайлады. Мәжіліс төрағасы міндеті Қанат Исаевке берілді. Жапаров қолдаушыларының минтингті жалғастыруына орай 15 қазанда Жээнбеков міндеттен кетті. Мәжіліс төрағасы Исаев президенттік міндетін атқарудан өз қалауымен бас тартты. Жапаров президент болды.

Қырғызстандағы соңғы жағдай әлем баспасөзінің назарын аударды. Ресей президенті арнайы өкілін Бішкекке жолдады. Орталық Азия елдерінің президенттері, Түрік Кеңесі, Еуропа Одағы, АҚШ Қырғызстанға байланысты мәлімдеме жариялап, қырғыздарды атазаңды атқарауға шақырды.

Қырғызстанда тұрақтылық орнай бастады. 16 қазанда Бішкекте атқарылған төтенше жағдай тоқтады. Уақытша әкімшілік халықаралық одақтастармен ынтымақтастықты жалғастыруда.

Қырғыз әкімшілігінің пандемияға қарсы қажетті сақтық шараларды жасай алмауы себепті ел экономикасының нашарлауы және сайлауда болған парақорлық пен кемшіліктер халықтың әкімшілікке деген сенімін шайқады. Соңында елде әкімшілік өзгерді.

Алдағы 2-3 айда Қырғызстанда президенттік және жалпы сайлаулар өткізіледі. Екі сайлауды бір күнде өзкізу де күн тәртіпте. Парламент қазір Сайлау заңындағы сайлау өткелін төмендету, кепілдік ақшасының азайтылуы және сайлаушының басқа жерде де дауыс қолдануына мүмкіндік беретін «2 номерлі форумның» жойылуы күтілуде. Бұл сайлаулар Қырғызстанның қайсы бағытта ілгерлейтінін белгілейтін маңызды бір сайлау болып табылады.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.



Ұқсас жаңалықтар