Денизлиде тарихқа жарық түсіретін мамонт сүйегі табылғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 43

1511581
Денизлиде тарихқа жарық түсіретін мамонт сүйегі табылғанын білетін бе едіңіз?

Денизли қаласында тарихқа жарық түсіретін көптеген сүйек қалдығы табылғанын білетін бе едіңіз?

Түркияның батысында Денизли қаласында жүргізілген жер қабаты зерттеулерінде шамамен 1,2 мен 9 миллион жыл аралығында өмір сүргені анықталған жануардың сегіз түріне тиесілі сүйектер табылды. Оның ішінде мамонттар мен мүйізтұмсықтар да бар. Ғалымдар сүйектері 2002 жылы Денизлиде табылған Анадолының ең көне адамымен бірдей кезеңге негізделген жануарлардың өзара қарым-қатынастық тұрғыдан маңызды екеніне назар аударды.

Денизлиде 2017 жылдан бері жүргізілген зерттеулер барысында көптеген жануардың сүйек қалдығы табылды. Соңғы табылғандар арасындағы мамонтқа тиесілі табылған астынғы жақ сүйегі мұз дәуірінде мамонттардың Денизли өңірінде өмір сүргендігін дәлелдейді. Мамонт сүйектерін зерттейтін сарапшылар Еуропада да мұндай жақсы сақталған астыңғы жақ сүйегі табылмағандығын, осы тұрғыдан маңызды жаңалық ашылғанын айтуда. Сонымен қатар, соңғы зерттеулермен ортаға шыққан және Анадолыда аз танымал болған құмырсқа жегіштің сүйектері де назар аударуда.



Ұқсас жаңалықтар