Таулы Қарабах дағдарысы асқынып отыр

Еуразия күн тәртібі – 42

1509859
Таулы Қарабах дағдарысы асқынып отыр

Бүгінгі бағдарламамызда Таулы Қарабах дағдарысына тоқталамыз.

2020 жылы 27 қыркүйекте Арменияның шабуыл жасауына орай Таулы Қарабахта ауыр қақтығыстар болды. Армян айтақтауларына жауап берген Әзербайжан қарулы күштері барлық майданнан қарсылық көрсетіп, армян әскерлерін қашуға мәжбүр етті. Екі аптадан бері Әзербайжан армиясы 40 елді мекенді азат етті. Арменияның жүздеген әскери жабдықтары күйретілді. Армяндардың жан шығыны 400-ге жетті.

Арменияның бұл жолы қамқоршыларынан толық қолдау таппағаны байқалды. Ресей президенті Владимир Путин қақтығыстардың Армения территориясында болмағанын жариялап, Ереванға жәрдем берудің қажетсіз екенін білдірді.

Баршаға аян, Армения Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше және бір шабуыл болғанда ұйымға мүше елдердің жәрдем беру жауапкерлігі бар. Армян әкімшілігі осыдан пайдалану үшін Қарабах сыртындағы Әзербайжан елді мекендеріне шабуыл жасауда. Армяндар Әзербайжан азаматтарына қарсы фосфорды қамтыған тұман зымырандарын, соғыс ұшағы бомбаларын, Smerch зымыранын және танкке қарсы зымырандар қолданды. Қазірге дейін 40 бейуаз азамат армян шабуылында қаза тапты. Армения бейбіт тұрғындарға шабуыл жасап, соғыс және адамгершілікке қарсы қылмыс өткізуде. Армяндар Баку-Тбилиси-Джейхан Мұнай құбыр желісі сияқты халықаралық инвестицияларға да шабуылдап, террорлық лаңкестік жасауда.

Әлемдегі армян диаспорасы бұрынғысындай айтақтау әрекеттерін жалғастырды. Армян тарапы Әзербайжанның ДАИШ сарбаздарын әкелгенін алға тартты. Әзербайжанның ДАИШ сарбаздарына мұқтаж емес екені өте айқын. Әзербайжанда азаматтар ерікті түрде майданға ағылуда. Мұның керісінше, жастарды әскерге зорлықпен апаруға тырысқан Арменияның ПКК террористерін Қарабахта соғыстырғанына байланысты түрліше мәліметтер мен құжаттар ақпаратта жарияланды.

Әзербайжанның осы әділетті күресін қолдаушылар бұл жолы үндерін асқақтатты. Түрік Кеңесі қақтығыстар басталғанда Әзербайжанның территория тұтастығын қолдаған мәлімдеме жариялады. Осы мәлімдемеден кейін Ильхам Әлиев ұйымға мүше елдердің басшыларына алғыс хат жолдады. ТҮРІКСОЙ, Түрік Академиясы, ТүрікПа және Түрік Мәдениеті мен мұрасы қоры сияқты Түркі әлемінің халықаралық ұйымдары Әзербайжанның әділетті күресін қолдады. Аймақ елдерінен Ауғанстан, Пәкістан, Венгрия, Босния-Герцеговина және Украина да Әзербайжанды қолдаған мәлімдемелер жариялады.

Түркия басынан бері Әзербайжанның қасында. Екі ел арасында қорғаныс саласында жасалған келісімге сай Әзербайжан офицерлері Түркияда жақсы білім алды. Түркияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін Әзербайжан ұзақ уақыттан бері сатып алып келеді. Бұл Әзербайжан армиясының Таулы Қарабахтағы армян майдан шебін бұзуында маңызды рол ойнады.

9 қазанда Ресейдің талпынысымен Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлері Мәскеуде бас қосып, атысты тоқтатуға келісті. Алайда атысты тоқтату келісімін атқарудың қиындығы алғашқы күнгі қайшылықпен анықталды. Президент Әлиев «Дипломатияға соңғы рет бір орай берейік» деп мақұлдаған атысты тоқтату армяндардың шабуылды жалғастыруы себепті босқа кетті. Осыдан кейін Қарабахтың жаулап алудан азат етілуі ғана мәселені түбегейлі шешеді.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.

 



Ұқсас жаңалықтар