Судан бастау алған мәдениет - 2

Өркениеттер бесігі - Месопотамия

1509054
Судан бастау алған мәдениет - 2

 

Қалада өмір сүресіз бе? Әлде аудан орталығында ма,  ауылда ма? Ал мен өмір сүретін жер міндетті түрде бір су жағасында болу керек деп ойладыңыз ба? Өте ерекше қызығушылық немесе таңдауыңыз болмаса,  бұл сұраққа «жоқ» деп жауап берген болуыңыз керек. Себебі қазіргі күні яғни заманауи кезеңде жұмыс,  мектеп немесе отбасы секілді факторлар әсер етеді қайда тұратынымызды. Ал адам баласы үшін алғашқы дәуірлерде өмір сүруге болатын ең негізгі жерлердің бірі су жағасы болған. Аңшы-жинаушы болған алғашқы адамдардың кейде батпақты жерлердегі қамыстардың арасына баспана жасағаны,  кейде су бетіндегі қамыстарда өмір сүргендері зерттеу нәтижесінде анықталды, ауыз суын қамдау, көптеген өсімдік және жануар түрлері мекендегендіктен қоректену мұқтаждығын қамдау және шабуылдарға қарсы қорғаныс жеңілдігі себебімен осы жерлерді мекендеген.

Уақыт өте келе адамдар егіншілік қоғамына ауысты.  Егіп пішу, отырықшы тұрмыс басталған осы кезеңде де ағын су жағасы,  көл және теңіз жағасын таңдаған. Осы кезең адамның тарихтың ағынын жылдамдататын қабілеттерге ие болған кезі. Кейбер қайнар көздер көбіміздің есіне түсе бермейтін бір нәрсенің сумен арадағы қатынасты өзгерткенін көрсетеді.  Осы нәрсе не екенін білесіздер ме? Бүгінгі күні қолжетімді су ол кездері бір жерден бір жерге қалай тасымалданды деп ойлайсыз? Қауақтар және терілер қолданылды алғашқы кездері,  бірақ олармен тасылатын су өте жеткіліксіз болды.  Кейіннен бұтақтардан, ағал талшындарынан,  саздардан себеп тоқуды үйренді адам баласы... Себетті топырақпен,  балшықпен сыбады, бірақ кей жерлерінен су төгілді. Басқа бір нәрсе табуы керек еді,  оны тапты. Адам баласы қыш құмыра жасап тапты. Міне,  жоғарыдағы сұрақтың жауабы. Енді адам баласы қыш құмыра арқылы суды қалаған жеріне жеткізді,  алыс қашықтықтарға жету үшін батылдығы артты.

Өзендердің бақылауға алынуы да сол дәуірге дөп келеді. Адам баласы өсіретін өнімі үшін жаңбырға мәжбүр болмайды, қалаған кезінде қалаған нәрсесін егу мүмкіндігіне қол жеткізді.  Осылайша адам табиғатқа тәуелді болып өмір сүрудің орнына,  жайымен болса да табиғатқа үстемдік құра бастады.  Енді табиғи порттар мен өзендердің жақын жеріне қоныстана бастады.  Баяу, бірақ сенімді түрде өркениетке қарай қадам басты.

Осылайша өзендер су тасқындары арқылы адамдарды өлтіретін,  қорқытатын және белгісіз, құпия болмыс болудан шықты. Адамның сол кезге дейін қарнын тойғызып немесе күшінен қорқып, садақа берген өзенімен қатынасы өзгерді.  Одан қорықпайды енді адам,  оны білгісі келеді.  Қысқа уақытта қарапайым сал жасап шығарды. Енді өзі бақылай алатын өзендерде қасына қыш құмырасына суын толтырып алып,  сауданың бастауы деп саналатын айырбастауға сүйенетін саяхаттарға шыға бастады.

Әрине,  бір мезгілден кейін осы шектеулі сапарлар да адамға жеткіліксіз бола бастады.  Өзендер аяқталған жердегі сол керемет үлкен, сөз жететін жерге дейін созылған, тұзды суларды және сол судың артында не бар екенін білгісі келе бастады. Белгісізге деген қызығушылықпен ашық теңіздерде сапарлауға болатын көліктер керек болды.  Сонымен желкенді қайық, кішігірім қайық,  кеме сала бастады адам баласы. Алдында ашылуы керек керемет әлем тұрды!

**

Сумен құрылған осы қарым-қатынас алғашқы өркениеттен бастап жақын тарихқа дейін адамдардың су көздерінің төңірегіне қоныстануын, сумен бастау алған бір мәдениеттің қалыптасуын қамдады.  Ағын сулар мен теңіздердің арқасында адам баласы маңызды жаңалықтар ашты, үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Адамзат тарихына куә болған байырғы елді мекендердің барлығына дерлігі су жағасына құрылған.  Өркениет судың төңірегінде өнген,  адам сумен тыныс алған,  су адаммен бірге басқаша дамыған. Яғни адам суды өз қалпында табиғаттағы бір болмыс болудан шығарып,  өз мақсат пен мұқтаждықтары үшін қолданған. Су жолдары,  аркалар, каналдар және тіпті су бөгеттерімен суды бақылауға алған.  Міне,  осы жетістіктерден кейін мыңдаған жылдан бері өз өзімен ағып жататын осы сулардың төңірегінде көптеген ауыл немесе қала құрылған.

Ал бұлардың қай ауылдар, қай қалалар екенін білгіңіз келе ме? Қандай өркениеттер? Арасында әлі күнге құламай тұрғандары да бар, қирап жойылғандары да,  адам баласына үлестерін әлі жалғастырғандар да...

Біз тұратын территорияның маңызды бір бөлшегі болғаны себебімен біз бірінші кезекті Месопотамияға бердік. Месопотамияға екі өзен жан береді: Бұлар  - Евфрат пен Тигр.  Түрлі дәуірлерде еламдар, ассириялықтар,  бабильдіктер,  шумер және акаттар өмір сүрген екі өзеннің жағасында... Мысырдың тамыры саналатын Ніл өзенінің өзі осыншама өркениетке мекен болмаған. Месопотамияда қоныс тепкен осы алғашқы өркениеттердің бірі – әлемнің ең байырғы өркениеті Шумерлер.

Шумерлердің адам баласына үлесі өте зор болған.  Жазуды тапқан және бірінші рет қолданған осы шумерлер. Шумерлер батпақты жерлерді кептіріп, сулау каналдарын салған,  сел басқындарының алдын алған.  Осылайша егіншілік суғаруда табыстарымен өндірістің артуын және сауданың дамуын қамдаған. Осы арқылы шумер ауылдары үлкен қалаға айналған.  Әлем тарихында Месопотамия өркениеттері ішінде ең танымал да іргетасын шумерлер қалаған Вавилон. Вавилондықтан алғашқы ауқымды атазаң деп қабылданатын Хаммураби заңдарын ортаға шығарған.  Судың маңыздылығын жақсы түсінген олар осы заңдарың ішіне суға байланысты баптарды да енгізген.

Бүгінгі күні әсері әлі жалғасқан басқа бір өркениет – Мысыр өркениеті. Осы өркениет шөлге тыныс берген Ніл өзенінің жағасында қалыптасқан. Мысырлықтар аспандағы жұлдыздардың тұғырларын Күнге қарап бақылаған және бүгін қолданылған күнтізбенің бастаушысы деп саналған Күн күнтізбесін дайындаған. Осылайша олар Ніл өзенінің тасатын уақыттарын алдын ала есептеген.  Осы мәлімет оларға табиғаттың алдында үстемдік құруға жараған. Су тасқындарынан кейін қираған егітік шекарасын сызатын және суды ішетін жағдайға келтіру үшін ашудас қолданғандары белгілі.  Пирамидалар, папирус және иероглия осы өркениеттің жетістіктерінің бірнешеуі.

Жерорта теңізі болса көптеген өзен,  тұщы су сөздері және теңіз арқасында белгілі алғашқы өркениеттерге мекен болған бір аймақ. Анадолының батыс жағын да қамтитын Жерорта теңізі аймағы өркениетін қалыптастырған өркениеттер де әрине өзендер жеткен шығымды алаңдарда құрылған.  Әлемнің жеті кереметі арасында қабылданатын Эфес Артемида храмы салынған Иония,  ежелгі дәуірдің ең көркем қалаларының бірі Милет Үлкен және кіші Мендерес алқабында,  ақшаны тапқан лидиялықтар Гелиз алқабында, гректер мен финикеліктер Жерорта теңізі жағасында өркениет құрған.

Әлемдегі басқа бір үлкен өркениет болса Қытай өркениеті. Осы байырғы өркениет те екі үлкен өзеннің жағасына құрылған, дамыған. Байырғы өркениеттердің бірі үнді өркениеті де шығымды егістіктер мен таза ауыз суы қамдағаны себебімен өзендердің жағасына құрылған.

 

 



Ұқсас жаңалықтар