Сафранболуда халықаралық бір фильм фестивалі ұйымдастырылғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз?

1506983
Сафранболуда халықаралық бір фильм фестивалі ұйымдастырылғанын білетін бе едіңіз?

ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізімінде орын алған Сафранболуда халықаралық бір фильм фестивалі ұйымдастырылғанын білетін бе едіңіз? 

Османлының архитектурасын қазірге дейін өзінің бүкіл салтанатымен сақтаған тарихи Сафранболу қаласы 1994 жылы 17 желтоқсан күні ЮНЕСКО-ның «Әлемдік мұра тізіміне» енгізіліп, адамзаттың ортақ мұрасына айналды. Осы мәдени мұраны ең жақсы түрде таныстыру және үздіксіз қорғауды қамтамасыз ету мақсатты көптеген жұмыс атқарылуда. Соның бірі - 2000 жылы басталған «Алтын cафран» деректі фильм фестивалі... 

Фестиваль 2004 жылы халықаралық деңгейге көтеріліп, бүкіл әлемге ашық іс-шараға айналды. Халықаралық «Алтын сафран» (Алтын шафран) деректі фильм фестивалі «Мәдени мұра және протекционизм» тақырыбы аясында тарихи, мәдени және табиғи ортаны болашаққа жеткізуді мақсат етеді. 

Фестиваль барысында тек деректі фильмдерді ғана емес, сонымен қатар Сафранболудың тарихи үйлерін, кофе ұсыну дәстүрін, қына кешін, үйлену тойларын, тамақтар, жергілікті киімдер, шафран гүлдерін өсіру сияқты ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мәдени құндылықтарды да тамашалауға болады. 



Ұқсас жаңалықтар