Сооронбай Жээнбеков Венгрияға сапарлай барды

Еуразия күн тәртібі – 41

1505526
Сооронбай Жээнбеков Венгрияға сапарлай барды

Бүгінгі бағдарламамызда Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтың Венгрияға сапарына тоқталамыз.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 2020 жылы 28-29 қыркүйек арасында Венгрияға сапарлай барды. Ресми күтіп алу рәсімінен кейін президент Жээнбеков пен Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан екі жақтылы және делегациялар арасында кездесулер өткізді. Кездесулер нәтижесінде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Қырғызстан мен Венгрия арасында ортақ стратегиялық ынтымақтастық келісіміне қол қойды. Осылайша Венгрия Қырғызстанның Еуропадағы тұңғыш стратегиялық ортағы болды. Тараптар арасында Қырғыз-Венгр Өркендеу қорын құру, қос салықты шектеу, инвестицияларды қорғау және дамыту, Венгрияда қырғыз азаматтарының білім алуы үшін бөлінген 75 орынды 150-ге көбейту, экономиканы жандандыру, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық сияқты жалпы 15 келісім жасалды.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков сапары аясында Венгрия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Ласло Көвер және Венгрия президенті Джанос Адермен жеке-жеке кездесу өткізді. Кездесулерде екі ел арасындағы басты тақырыптар талқыланды.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Будапешт қала әкімі Гергели Карасонимен бірге қаладағы бір саябаққа танымал жазушы Шыңғыс Айтматовтың атын беру рәсіміне қатысты. Сапарда венгрлердің Шыңғыс Айтматовты және еңбектерін жақсы білетіні байқалды.

Сооронбай Жээнбеков ең соңында Венгрия премьер-министрімен бірге Түрік Кеңесінің Будапешт офисіне барды. Түрік Кеңесі офисінде Шыңғыш Айтматов сурет көрмесі ұйымдастырылды. Президент Жээнбеков Түрік Кеңесіне мүше елдердің лидерлері арасында ұйымның Будапешт офисіне барған тұңғыш лидер болды.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтың Венгрия сапары аясында 29 қыркүйекте екі ел іскерлерінің қатысуымен Қырғыз-Венгр Жұмыс форумы ұйымдастырылды. Жұмыс форумында бір қатар келісімдер жасалды.

Қырғызстан-Венгрия қарым-қатынастары 1992 жылы құрылғанына қарамай, екі ел арасындағы қарым-қатынастар ойдағыдай дамымады. Қырғызстанның уақытша әкімшілігінің президенті Роза Отунбайева 2011 жылы Венгрияға сапарлай барды. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның 2018 жылы Қырғызстанға жасаған сапарынан кейін Қырғызстан-Венгрия қарым-қатынастары дами бастады. Орбан аталмыш сапарында Түрік Кеңесі саммитіне және Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының беташар рәсіміне қатысты. 2019 жылы қыркүйек айында Бішкек қаласында сауда және экономикалық байланыстар жөніндегі Қырғызстан мен Венгрия үкіметтерарасы комиссиясының алғашқы жиналысы өткізілді. 2020 жылы ақпан айында Венгрияның Бішкектегі өкілетті елшілік ғимаратының тұсауы кесілді.

Қырғызстан мен Венгрия қазірге дейін көбінесе егін шаруашылығы мен дәрі-дәрмек саласында ынтымақтастық жасасқан. Қырғыз-Венгр Өркендеу қорына Венгрия 50 миллион доллар несие беретінін жариялады. Аталмыш қаржы арқылы екі ел экономикалық қарым-қатынастары жаңа бір кезеңге көтерілетін болады.

Жээнбековтың сапарында Бішкек-Будапешт ұшақ рейстерінің ашылуы тақыбында келісім жасалды. Бұл шешім екі ел қарым-қатынастарын дамытуға үлкен есе қосады. Президент Сооронбай Жээнбековтың Венгрия сапарының өнімді өткенін айтуға болады.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.

 



Ұқсас жаңалықтар