Қыз мұнарасының 2500 жылдық тарихы бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 40

1498281
Қыз мұнарасының 2500 жылдық тарихы бар екенін білетін бе едіңіз?

Босфор бұғазында орналасқан Қыз мұнарасының 2500 жылдық тарихы бар екенін білетін бе едіңіз?

Қыз мұнарасы – көне дәуірде басталған болмысымен ежелгі Грекиядан Византия империясына, Византиядан Осман империясына дейінгі барлық тарихи кезеңдерде Стамбұл қаласының тарихына куәгерлік жасаған бір ғимарат.

Қыз мұнарасы орналасқан жартас туралы алғаш рет б.з.д. 410 жылы сөз қозғалады. Сол кезде Босфорға кіріп, шығатын кемелерін тексеру және салық жинау үшін осы шағын аралда мұнара салады. Б.з.к. 1110 жылдары сол дәуірдің Рим патшасы осы жолы қорғаныс мақсатты бір мұнара салғызады. Уақыт өте келе қираған жерлері қалпына келтірілген Қыз мұнарасы Стамбұл жеңісі кезінде венециандықтар тарапынан база ретінде пайдаланылды. Жеңістің артынан Османлы патшасы Фатих Сұлтан Мехмет бұл кішкентай ғимаратты бұздырып, орнына таспен қоршалған кішкентай қорған салдырып, бұл жерге зеңбіректер орналастырады. Бүгінгі мұнараның іргетастары мен төменгі қабатының маңызды бөлімдері Фатих дәуірінің құрылымы болып табылады.

Қыз мұнарасы Османлы кезінде әртүрлі жөндеуден өтіп, кейбір жерлері қайтадан салынып, сақталған. Кейін Республиканың жариялануының артынан қазірге дейін Қыз мұнарасында көптеген қалпына келтіру жұмыстары өткізілді. 2000 жылы келушілерге есігін айқара ашқан Қыз мұнарасы күндіз кафе мен мейрамхана, ал кешке жеке мейрамхана ретінде жергілікті және шетелдік туристтерге қызмет етуде.



Ұқсас жаңалықтар