Беларусьта протест ереуілдері жалғасуда

Еуразия күн тәртібі – 39

1496838
Беларусьта протест ереуілдері жалғасуда

Бүгінгі бағдарламамызда Беларусьтағы соңғы оқиғаларға тоқталамыз.

2020 жылы 9 тамызда өткізілген президенттік сайлаудан бері Беларусьта оппозицияның протест ереуілдері жалғасуда. Бір жарым ай өткеніне қарамай тараптар арасында диалог қамдалмады. Беларусьта бір айдан бері болған оқиғаларға көз жүгірте кетейік.

Тамыз айының екінші жартысында Беларусьта ірі заводтардағы жұмысшылар жұмыс тастады. Осы кезде оппозиция билікпен диалог орнату үшін Координация кеңесін құрды. Елде билік басындағылар осы кеңеске мүше болған Нобель сыйлығының иегері жазушы Светлана Алексиевичтен басқаларды ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіргені сылтауымен түрмеге жапты. Координация кеңесіне мүше болғандардың кейбіреулері шетелге шығарылды.

27 тамызда Владимир Путин қажет болғанда Беларусьқа жолдау мақсатымен қауіпсіздік күштерін дайындады.

28 тамызда Украина Сыртқы істер министрлігі Беларусьпен барлық қарым-қатынастарды тоқтатқанын жариялады.

31 тамызда Латвия, Литва және Эстония Александр Лукашенконы қамтыған 30 Беларусь басшысының елдеріне кіруін шектеді.

Қыркүйек айының басында оппозиция лидері Светлана Тихановская Еуропа Парламенті, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде онлайн жолмен баяндама жасады. Светлана Тихановская Лукашеконың заңдылығын жойғанын пайымдады.

10 қыркүйекте IMF пандемия кезінде Беларусьқа 940 миллион доллар қаржылай жәрдем беру ұсынысын қабылдамады. 14 қыркүйекте Лукашенко Сочиде Владимир Путинмен кездесті. Кездесуден кейін Ресейдің Беларусьқа 1.5 миллиард доллар жәрдем беретіні жарияланды. Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий Еуропа Одағына Беларусьқа «Маршалл жобасы» аясында бір миллиард евро қаржылай жәрдем беруді ұсыныс етті.

14 қыркүйекте Беларусьтың батысында «Слав бауырластығы 2020» әскери жаттығуы басталды. Осы әскери жаттығуға орыс әскерлер қатысты. Сербия батыстың қысымымен жаттығуға қатысудан бас тартты.

Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы Беларусьта адам құқығына қайшылық жасауды зерттеу үшін 17 елден өкіл қатысқан бір зерттеу комиссиясын құрды. Оппозициядан кейбір кісілер күш қолданған және қанды қол маска таққан қауіпсіздік күштерін қоғамға көрсету үшін жұмыстанғандарын жариялады.

Еуропа Парламентінен 574 депутат 2020 жылы 5 қарашада міндет уақыты толатын Лукашенконы протестшілерге күш қолданғаны себепті танымауға және санкция жасауға шешім қабылдады. Батыстың осы шешімі алдында Лукашенко Литва, Польша шекараларын жабатынын, Украина шекарасында бақылауды күшейтетінін, шешімнің Батыс тарапынан тануға мұқтаж емес екенін білдірді.

Байқалып отырғанындай, Беларусьта тараптар диалогтың орына бөлінуге беталуда. Батыс Лукашенко әкімшілігіне қысым жасағысы келуде, Кремль Лукашенконы қолдау ниетінде. Александр Лукашенконың шекараны жабу талпынысын дереу атқаруы оңай емес. Шекаралар жабылса, тек Беларусь қана емес, Шығыс пен Батыс елдерінің саудасы да кедергіге ұшырайды, бұл баршаға пайдасыз. Беларусьтағы тараптардың мақсаттарынан бас тартпауы айтақтаушылардың да араласуымен қанды қақтығысқа айналу қаупін де туғызуда. Лукашенко ант ішу рәсіміне дайындалып жатқанда оппозиция оның міндеттен кетуін сұрап отыр. Биылғы күз Беларусьтың болашағы үшін шешуші кезең болмақ.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.



Ұқсас жаңалықтар