Түркия-Әзербайжан қарым-қатынасы дамып келеді

Еуразия күн тәртібі – 38

1492701
Түркия-Әзербайжан қарым-қатынасы дамып келеді

Бүгінгі бағдарламамызда Түркия-Әзербайжан қарым-қатынасындағы соңғы оқиғаларға тоқталамыз.

Қыркүйек айының басында Түркия-Әзербайжан қарым-қатынасына байланысты маңызды дамулар болды. Осы тақырыптарға тоқталайық. 2020 жылы 2 қыркүйекте президент Ильхам Әлиев Грекияның жаңа өкілетті елшісі Николас Пиперигосты қабылдауында Шығыс Жерорта теңізіндегі барлауды қамтыған барлық тақырыпта Түркияға қолдау беретінін білдіріп: «Армения, Грекия және Кипр Понти әкімшілігі арасындағы әскери ынтымақтастықтан мазасыз болдық» деді.

7 қыркүйекте Әзербайжан президентінің орынбасары және Президенттік сарай Сыртқы саясат кеңсесінің төрағасы Хикмет Хажиев төраға болған Әзербайжан делегациясы Түркияға келді. Әзербайжан делегациясы Түркия Коммуникация басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун төраға болған делегациямен кездесулер өткізді. Кездесулерде коммуникация саласындағы ынтымақтастық талқыланды. Кездесулер соңында Түркия-Әзербайжан Медиа платформасын бірігіп құруға келісті. Хажиев төраға болған делегация сапар аясында Түркия коммуникация саласында жұмыстанған ұйымдармен де кездесті.

Әзербайжан Ұлттық Мәжілісі төрағасының орынбасары Адил Әлиев 9 қыркүйекте Түркияның Жерорта теңізіндегі жұмыстарын қолдап, Түркияның достарын дос, дұшпандарын да дұшпан деп қабылдайтынын білдірді. Әзербайжан Ұлттық Мәжілісі төрағасының орынбасары:

«Президент Әлиевтің жаңадан тағайындалған Грекия өкілетті елшісіне осы тұғырды жеткізуі және Түркияның қасында болатындарын жариялауы тек грек тарапына ғана емес, күллі әлемге ашық бір үндеу болды. Әлемнің Түркілердің күшін көретін уақыты келді» деді.

2020 жылы 11-12 қыркүйекте Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы Сахиба Гафарова алғашқы шетелге сапарында Түркияға келді. Гафарова төраға болған Әзербайжан делегациясы алдымен ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоппен кездесті. Кездесуде екі ел қарым-қатынастары кеңес болды. 12 қыркүйекте Сахиба Гафарова президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан қабылданды. Гафарова төраға болған Әзербайжан делегациясы Түркия Сауда министрі Рухсар Пекжанмен кездесті. Кездесуде екі елдің экономикалық байланыстарының беталысымен бірге тараптар арасында кездесулері жалғасып келе жатқан Еркін Сауда келісімі де қолға алынды.

Түркия-Әзербайжан қарым-қатынастары «Екі ел, бір ұлт» ережесіне сай дамып келеді. Түркия мен Әзербайжанның тамыз айындағы ортақ әскери жаттығулары аймақтағы кейбір елдерді алаңдатып, олардың Түркияға қарсы шабуылшы саясат атқаруына себеп болды. Осы тұрғыдан президент Ильхам Әлиевтің грек өкілетті елшісін қабылдауындағы Түркияға қолдау беру дәріптемесі орынды бір мәлімдеме болды. Жоғары дәрежелі басшылардың алғашқы шетел сапарын өзара жасау дәстүрін Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы Сахиба Гафарованың жалғастыруы мақтауға татиды.

Түркия мен Әзербайжанның ақпарат саласында ортақ платформа құру талпынысы болымды бір қадам. Аймақ сезімтал бір кезеңнен өтіп жатқан кезде осындай бір ынтымақтастық екі елге де пайдалы болмақ. Бұл талпыныс Түрік Кеңесіне мүше елдер тарапынан да қолдау тапса, күллі Түркі әлемі пайдасын көретін болады.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.

 



Ұқсас жаңалықтар