Баклаваның бір түрік тәттісі ретінде тіркелгенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 38

1490247
Баклаваның бір түрік тәттісі ретінде тіркелгенін білетін бе едіңіз?
Baklava_.jpg
gaziantep baklavası.jpeg

Таяу Шығыс, Жерорта теңізі, Балкан және Кавказдағы барлық қоғамдар баклаваның өздерінің дәмі екенін айтуда.

Таяу Шығыстағы, Шығыс Жерорта теңізіндегі, Балқандағы және Кавказдағы қоғамдардың барлығына дерлігі баклаваны дәстүрлі десерті ретінде қабылдайды. Аталмыш аймақтардың бір кездері Османлы географиясында екенін ескерсек, баклава «Османлы десерті болған» деп айтуға болады. Алайда баклаваның шығу тегі бұрынғы дәуірлерге дейін созылады.

Көшпелі түріктердің жалпақ металлға пісірген қамырды нан ретінде жегені белгілі. Қазіргі таңда Түркияның көптеген аймағында жалпақ металлға пісірген қамырды нан ретінде жейді. Қамырды негізгі тағам ретінде қолданған көшпелі түріктер бір-бірлеп ашылып, пісірілген қамырлардың арасына қаймақ пен бал сияқты дәмдерді де қосып, қамырмен тәтті тағамдар жасаған. Бұл десерттер баклаваның шығу тегі болып саналады.

Еурокомиссия тарапынан 2013 жылы 8 тамыз күні бір түрік тәттісі ретінде тіркелген баклава қазір әсіресе Газиантеп қаласының дәмі болып қабылданады.



Ұқсас жаңалықтар