ТҮРКІСОЙ мен Өзбекстан ынтымақтастығы дамуда

Еуразия күн тәртібі – 37

1488508
ТҮРКІСОЙ мен Өзбекстан ынтымақтастығы дамуда

Бүгінгі бағдарламамызда Түрік мәдениетінің Халықаралық ұйымы ТҮРКІСОЙ-дың Өзбекстанмен ынтымақтастығына тоқталамыз.

2020 жылы 4 қыркүйекте Түрік мәдениетінің Халықаралық ұйымы ТҮРКІСОЙ мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мәдени қарым-қатынастарды қамтыған «ТҮРКІСОЙ Өзбекстан кітабы» атты еңбек интернет арқылы таныстырылды. Жиналысқа ТҮРКІСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, Түркия президентінің ақылшысы Ялчын Топчы, өкілетті елшілер, депутаттар және дипломаттар қатысты. Жиналыста өзбекстандық өнерпаздардың ТҮРІКСОЙ-ға қосқан есесі және Өзбекстанның ұйыммен қарым-қатынастары күн тәртіпке келді.

ТҮРІКСОЙ құрылған күннен бері мәдениет саласында Түркі әлеміне байланысты жүздеген іс-шараны толассыз жалғастырып келеді. Түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы деп танылған ТҮРІКСОЙ Түркі Республикаларымен арасындағы мәдени байланыстарды дамытып, Түркі мәдениетін әлемге таныстыруда.

Өзбекстан Республикасы 1993 жылы 12 шілдеде Алматы қаласында ТҮРІКСОЙ-дың құрылу құжатына қол қойған мүше елдердің бірі. Алайда Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәримов кезіндегі кірбеңдіктер себепті ТҮРІКСОЙ Бас хатшылығында Өзбекстанның өкілі жоқ.

2018 жылы 3 қыркүйекте өткізілген 6-шы Түрік Кеңесі саммитінде сөз сөйлеген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев ЮНЕСКО Әлем Мәдени мұралары тізіміндегі Хива қаласын Түркі әлемінің Мәдениет астанасы ретінде сайлауды ұсыныс етті. Аталмыш ұсыныс Түрік Кеңесіне мүше елдердің басшылары тарапынан қабылданып, 2020 жылы «Хива қаласы Түркі әлемінің астанасы» деп жарияланды. Өзбекстан осындай маңызды бір талпыныс көрсеткеннен кейін Өзбекстан Мәдениет министрлігі ТҮРІКСОЙ-мен жұмыстарын арттыра түсті.

ТҮРІКСОЙ Бас хатшылығында Өзбекстанның өкілі болмағанына қарамай, ұйым өзбекстандық өнерпаз, суретші, сәулетші, әдебиетші сияқты кәсіп өкілдерін ТҮРІКСОЙ іс-шараларына шақырып отырды.

ТҮРІКСОЙ Бас хатшылығында Әлішер Науаи, Абдулла Кадыри сияқты өзбекстандық ғұламаларға арналған конференциялар ұйымдастырылды. 2017 жылы ТҮРІКСОЙ ұйымдастырушылар арасында орын алған «Түркі Әлемі жылдың әдебиет қайраткері жүлдесі» өзбек жазушы Шукрулло Юсуповқа берілді.

ТҮРКІСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов айтқандай, құрылған күннен бері Өзбекстан Республикасының байрағы ұйымның Бас хатшылығында және ТҮРІКСОЙ-дың барлық іс-шараларында көкте желбіреп тұрды.

Өзбекстан Түрік Кеңесіне мүше болғаннан кейін ТҮРІКСОЙ-мен де белсенді жұмыстанды. Түркі әлемі өзбек мәдениетін, өнерін, маңызды қайраткерлерін жақсы тануға мұқтаж. ТҮРІКСОЙ Бас хатшылығында Өзбекстанның өкілі қысқа уақытта тағайындалып, жұмыстарды жылдамдатуын үміт етеміз.

ТҮРІКСОЙ-да баспадан шыққан еңбектер ұйымға мүше және бақылаушы 14 елдің тіліне толық аударылса және бұл еңбектердің барлығы интернет арқылы жарияланса, Түркі әлемі тіпті де жақындаса түседі, ТҮРІКСОЙ-дың жетекшілігіндегі іс-шаралар тіпті көп адамға жететін болады.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.

 



Ұқсас жаңалықтар