Топкапы сарайының әлемдегі ең үлкен сарай-мұражайы екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 37

1485973
Топкапы сарайының әлемдегі ең үлкен сарай-мұражайы екенін білетін бе едіңіз?
topkapı.jpg
topkapı.jpg
Topkapı Sarayı.jpg
Topkapı sergi (4)
topkapı müze.jpg
Topkapı sergi (14)
Topkapı Sarayı

700.000 шаршы метрлік жерге салынған Топкапы сарайының әлемдегі ең үлкен мұражайға айналған сарайлардың бірі екенін білетін бе едіңіз? 

1460 жылы Стамбул жеңісінің артынан Фатих Сұлтан Мехметтің бұйрығымен басталған Топкапы сарайының құрылысы 1478 жылы аяқталды. Мәрмәр теңізі, Босфор бұғазы және Алтын Мүйіз (Халич) арасында тарихи Стамбұл түбегінде орналасқан бұл сарай шамамен төрт ғасырға жуық Осман империясының әкімшілік, білім беру және өнер орталығы, сонымен қатар падишалардың үйі болған. 

1850 жылдардың басында 19-ғасырдағы мемлекеттік протоколдың талаптарын қанағаттандыра алмағандықтан Долмабахче сарайы салынды және біраз уақыт өткен соң әулетке арналған тіршілік пен әкімшілік орталығы Долмабахче сарайына көшірілді. 

1922 жылы Осман монархиясы жойылғаннан кейін Мұстафа Кемал Ататүріктің бұйрығымен 1924 жылы 3 сәуір күні мұражайға айналдырылған Топкапы сарайы - республиканың алғашқы мұражайы. Бүгінгі таңда Топкапы сарайы сәулеті, коллекциялары және шамамен 300.000 мұрағат құжаттымен әлемдегі ең ірі сарай-мұражайларының бірі болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар