Түркияда «Ләйлек ауылы» бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 36

1481669
Түркияда «Ләйлек ауылы» бар екенін білетін бе едіңіз?

Бурсаға 44 шақырым қашықтықта орналасқан Ескікараағач ауылы Еуропалық табиғи мұра қоры тарапынан 2011 жылы әрі ләйлек досы болғаны, әрі экологиялық және ауылшаруашылық жағдайын қамтамасыз еткені себепті 2011 жылы «Еуропа ләйлек ауылы» ретінде таңдалды. Еуропадағы ләйлек ауылдары желісінің Түркиядағы жалғыз өкілі ауылға ләйлектер жыл сайын маусым айында келе бастайды және көбею процесін бұл ауылда толықтырады.

Жылына 30-40 ләйлекті күтетін ауыл мен Ұлыабат көлінің айналасында жүргізілген жұмыстарен адамның ықпалымен ләйлек өлімдерін азайту нысанаға алынады.

Ауылға келген барлық ләйлек тұқымдастар мен сандары обсерваториялар құрамында құрылған жүйеде тіркеуге алынады. Сондай-ақ обсерваторияда жабайы табиғат пен сұғанақ аңшыларды камералар арқылы бақылайтын бір жүйе де жұмыс істеуде. Бақылау үйі ішіндегі кішкентай бір мұражайда аймақта өмір сүрген құс түрлерін тексеру және олар туралы ақпарат алу мүмкіншілігі де қамтамасыз етілген. Ауылда барлығы шамамен 3 ай қонған ләйлектер тамыз айынан бастап жылы мемлекеттерге көше бастайды және ұяларын біртіндеп босатады.

Еуропадағы ләйлек ауылдары желісіне қосылған басқа елдер: Венгрия, Словакия, Польша, Болгария, Испания, Словения, Хорватия, Грекия, Германия, Македония, Сербия, Румыния, Австрия және Швейцария. Ескікараағач ауылында құрылған Еуропа ләйлек ауылдары қабырғасында осы елдердегі ауылдар туралы мағлұматтарға орын берілген.



Ұқсас жаңалықтар