Түрік шайын ерекше қайнату және ұсыну әдісі бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 33

1469959
Түрік шайын ерекше қайнату және ұсыну әдісі бар екенін білетін бе едіңіз?

5000 жылдық тарихы бар шай түріктердің өміріне кеш енгенімен, түрік қоғамында ерекше мәдениетті қалыптастырды. Түркияның шығыс Қаратеңіз және Ризе қаласында қара шай өседі және жергілікті тұрғындар мұны «түрік шайы» деп атайды. Алайда «түрік шайы» сөз тіркесі түріктерде ерекше шайды қайнату және ұсыну әдісі ретінде қолданылады. 

Бүгінгі таңда әртүрлі шай түрлері мен дайындау әдістері бар. Дегенмен түріктер қара шайды қайнатып, өзіне тән жұқа стакандармен ұсынылады. Түрік стилінде шай қайнату кезінде бірі-бірінің үстіне қойылған екі бөлек шәйнек қолданылады. Шәугімдегі жақсы суды қайнатқан кезде шәйнегіңіз судың буымен жылынады. Құрамындағы оттегін жоғалтпай тұрғанда шәугімде қайнаған судың біразы ішіне ұнтақталған қара шай қойылған шәйнегіңізге құйылады. Шәйнектегі су 10 минуттай қайнатылады. 

Дайындалған шайды ұсынған кезде қалаған мөлшерде қара шайды стакандарға құяды. Шайдың қоюлығын қайнаған суды үстіне құйып ашады. Қалаған шайға қант қосады. Егер қант қажет болса, ол кейінірек қосылады. 

Әлемдегі ең ірі қара шай нарығының бірі ретінде Түркияда шай түрік тұрмыстық салты мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Сонымен қатар шай мәдениеті түріктер үшін ортақ өмір мен қонақжайлылықтың маңызды белгілерінің бірі. 



Ұқсас жаңалықтар