Әзірбайжан-Түркия ортақ әскери жаттығуы жалғасуда

Еуразия күн тәртібі – 32

1467583
Әзірбайжан-Түркия ортақ әскери жаттығуы жалғасуда

Бүгінгі бағдарламамызда Әзірбайжан мен Түркияның ортақ әскери жаттығуына тоқталамыз.

2020 жылы 29 шілдеде Әзірбайжан мен Түркия қарулы күштерінің Әзірбайжанда ортақ әскери жаттығуы басталды. Құрлық және әуе күштері қатысқан әскери жаттығулар 2020 жылы 10 тамызға дейін жалғасады. Баку, Нахчыван, Генже, Курдемир және Евлах аймақтарындағы әскери жаттығулар соңғы жылдардағы ең көлемді жаттығу ретінде назар аударды. Әзірбайжанның Товуз аймағы шекара желісінде Арменияның жасаған шабуылдарынан кейін өткізілген жаттығу көптеген жақтан маңызды болып табылады.

Әзірбайжан мен Түркияның әскери қарым-қатынастары Әзірбайжан тәуелсіздігін жарияланғаннан кейін басталды. 2010 жылдан бері бұл байланыстар жоғары өреге көтерілді. Қорғаныс ынтымақтастығы көлемінде жыл сайын ұйымдастырылатын әскери жаттығулар екі ел әскерлерінің бірге қимылдауы, тәжірибелерді бөлісуі, Әзірбайжан армиясының алдағы дамуларға дайын тұруы тұрғысынан да мәжбүр болып отыр.

Ресей Товуз аймағындағы айтақтау шабуылдарынан кейін Солтүстік Кавказ бен Армениядағы әскери базасында «Алдын ала жоспарланған» әскери жаттығу өткізді. Армениядағы орыс базаларында армян әскерлердің міндет атқарғаны сыр емес. Осы тұрғыдан алғанда Түркия мен Әзірбайжан әскери жаттығуы да дәл уағында өткізілді. Бұл жаттығулар Түркияның Әзірбайжанға әскери қолдауының ауыз жүзінде ғана емес екенін, дос пен дұшпан баршаға көрсету үшін маңызды болып табылады.

Оңтүстік Кавказдың қауіпсіздігі көптеген салада маңызды. Түркия экономикасының, энергиясының жан тамырының бірі болған және Түркияны Каспиймен, шығыс елдерімен жалғайтын желілер Грузия мен Әзірбайжан арқылы өтеді. Теміржол мен автожолдар желісі және құбыр желілерінің қауіпсіздігі үшін Арменияның бүлдіруші іс-шараларына рұқсат берілмеуі керек.

Мәселенің басты жауапкері Арменияның Ресей мен Иранға «Ұлы Тұран» құрылатынын айтып, үрей салудан басқа қолынан келері жоқ. Иран Таулы Қарабахтың басып алынуы және одан кейінгі кезеңде ауыз жүзінде Әзірбайжанды, іс жүзінде Арменияны қолдап келді. Алайда бүгінгі таңда Иранның ішкі жағында да ұлттық оянудың болғанын, Тегеранның Арменияға қолдауын жалғастыруының кейбір нәтижелер туғызатынын ұмытпаған жөн. Иранға атқарылған халықаралық санкциялар кезеңінде Түркия мен Әзірбайжан Тегеранмен қарым-қатынастарын жалғастырған және эмбарголарға қарсы шыққан жақын көршілері болды. Оқиға туыла қалса, Иранның Арменияға қолдауын жалғастыруы жөнінде ойланғаны абзал.

2020 жылы 27 шілдеде президент Режеп Тайып Ердоған мен президент Владимир Путин телефонда сөйлесті. Телефондағы әңгімеде Кавказдағы жағдай талқыланды. Түркия мен Ресей мәселелерді шешу үшін жауапкерлік арқаласа, Таулы Қарабах мәселесінің бейбіт жолмен шешілуі мүмкін. Мәселенің жылдам шешімін табуы үшін Түркия Нахчыванға әскери база құруы керек. Қажет болса, әскери базаны Каспий теңізінің батысында да құру мүмкін. Таулы Қарабахтың армян басқыншылығынан құтқарылуы үшін Әзірбайжан одақтастарымен бірге барлық салада жұмыстануды жалғастырады.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.

 



Ұқсас жаңалықтар