Қаз тауында жеке этнографиялық мұражай бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 32

1466001
Қаз тауында жеке этнографиялық мұражай бар екенін білетін бе едіңіз?

Қаз тауында Түркияның алғашқы жеке этнография мұражайы бар екенін білетін бе едіңіз? 

 

Балыкесирдің Эдремит ауданына қарасты Тахтакушлар ауылында алғашқы жеке этнография мұражайы бар. 

Түрікмен мәдениетін сақтау үшін Тахтакушлар ауылында дүниеге келген мектеп ұстазы Алибей Кудар құрған мұражайда Орта Азиядан келген Тахтаджы түрікмендерінің мәдени мұралары қойылған.  

Осылардың ішінде түрікмендер қолданған үлгілі шатыр, бұрын қолданылған тұрмыстық заттар, түрікменнің киімдері, матадан тігілген әмияндар, дорбалар мен кілемшелер орын алады. 

Мұражайдың ең қызықтысы – әлемнің ең үлкен іші толтырылып, терімен қапталған теңіз тасбақасы.

Негізінде Оңтүстік Америка жағалауында өмір сүретін тасбақа жолын шатастырып, Эгей жағажайларына келген және 1997 жылы балықшылардың торына түсіп өлген. Салмағы 360 килограмм және ұзындығы 197 см болған теңіз тасбақасы жыл сайын "нашарлап кетпесін" деп арнайы заттармен үнемі жаңартылып отырады. Үлкен кеме қозғалтқышына соқтығысып, жарақат алған 105 жасар тағы бір теңіз тасбақасы да үлкен тасбақаға қоса мұражайда орын алады. 



Ұқсас жаңалықтар