Түркияның балшық ваннасы тұрғысынан өте тиімді аймақ екенін білетін бе едіңіз?

Балшық ваннасы көптеген аурудың терапиясында маңызды бір әдіс ретінде қолданылуда.

1462257
Түркияның балшық ваннасы тұрғысынан өте тиімді аймақ екенін білетін бе едіңіз?

Балшық ваннасының көптеген аурудың терапиясы және Түркияның балшық ваннасы тұрғысынан өте тиімді географиялық аймақ екенін білетін бе едіңіз?  

Түркияның әртүрлі аймақтарында денсаулыққа пайдалы шипажайлар, ыстық бұлақтар, табиғи су көздері, топырақ құрамындағы аллювийлар, минералдар таулар мен өзендерден су жолы арқылы байланысып, арнайы қоспалар құрайды. Осы арнайы балшықтар және минералды сулармен дайындалған балшық ванналары көптеген ауруларды емдей алады.  

Балшық ванналарының жасушаның жаңаруы, гормондардың теңгерімі, қан айналымын реттеу, иммунитетті нығайту сияқты әсерлері бар.  

Сондай-ақ шаршау, стресс, әлсіздік немесе ревматикалық аурулардан туындаған бұлшықет пен сүйек проблемаларын жеңілдету үшін де қолданылады.  

Түркияның ең танымал балшық моншалары Муғла, Афионкарахисар, Маниса және Чанаккале қалаларында орын алады.  

Көптеген адам бүгінде балшық ванналарын пайдаланады, ал шетелдік туристер болса балшық ванналарына үлкен қызығушылық танытады.



Ұқсас жаңалықтар