Әзірбайжан мен Армения шекарасындағы қақтығыстар жалғасуда

Еуразия күн тәртібі – 30

1460046
Әзірбайжан мен Армения шекарасындағы қақтығыстар жалғасуда

Бүгінгі бағдарламамызда Әзірбайжан мен Армения шекарасында шыққан қақтығыстарға тоқталамыз.

2020 жылы 12 шілдеде Арменияның атысты тоқтату келісіміне қайшылық жасап, шабуыл ұйымдастыруына орай Әзірбайжан мен Армения шекарасында қақтығыс болды. Әзірбайжанның Товуз аймағында болған қақтығыс әлі тынышталған жоқ. Екі ел арасында 2016 жылы сәуірде ауыр қақтығыс болған еді. Әзірбайжан қазірге дейін бір генерал, жалпы 12 әскер мен бір бейуаз азаматы шейіт болғанын хабарлады. Армения тарапы 4 әскердің өлгенін білдіруіне қарамастан мұның шындыққа үйлеспейтіні Әзірбайжан Қарулы күштерінің соңғы қақтығысқа байланысты жариялаған видеоларынан айқын байқалды. Арменияның шекара аймақтарындағы қақтығысты Таулы Қарабахтың сыртына итермелеуі Ереван әкімшілігінің жаңа бір кірлі ойын ішінде екенін көрсетіп отыр.

Шейіттерді соңғы сапарына аттандырғаннан кейін Әзірбайжан халқы ереуілге шығып, Таулы Қарабахты қайтарып алу мақсатымен ірі шерулер ұйымдастырды. Соңғы кезде ерікті түрде әскерге баруды сұраған азаматтардың саны 25 мыңнан асты. Әзірбайжан азаматтары Таулы Қарабахты қайтарып алу үшін белді бекем байлап отыр.

Таулы Қарабахтың соңғы жылдарда халықаралық террордың ұясына айналғаны, Таяу Шығыстан келген жасақтардың осы жерде білім алғаны пайымдаулары күн тәртіпке келді. Аталмыш хабарларды мұқият зерттеу керек. Себебі Әзірбайжан армиясы алдағы кезеңде әлемнің әрбір аймағынан келген ақылы қылмыстылармен күресуге мәжбүр қалуы мүмкін.

Шекарада шыққан оқиғалардан кейін президент Ильхам Әлиев Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяровты міндеттен алды. 2004 жылдан бері осы міндетті атқарған Эльмар Мамедъяровтың міндеттен алынуы Баку әкімшілігінің сыртқы саясатта, әсіресе Қарабах мәселесін шешуде тіпті ықпалды сыртқы саясат атқаруды, тың жол ашуды қалағанын көрсетеді.

Шекарадағы қақтығыстарда Армения мүше болған Коллективтік Қауіпсіздік келісім ұйымынан қолдау таба алмады, Түрік Кеңесі Әзірбайжанды қолдау мәлімдемесін дереу жариялады. Ираннан басқа көршілерінің бәрімен қырғиқабақ болған Арменияның егер соғыс бола қалса, ел ретінде ауыр күйге түсетіні айқын.

Таулы Қарабах басып алынғаннан бері аймақта және әлемде көптеген өзгеріс болды. Әзірбайжан қорғаныс саласында Армениядан үстем деңгейге шықты. Түркия қақтығыс жағдайында Әзірбайжанға қолдауын аямайтынын жариялады. Түркияның соңғы кезде шетелде ұйымдастырған табысты әскери операциялары күллі әлемге аян.

Арменияда Никол Пашинянның билікке келуімен бірге Ресей-Армения қарым-қатынастарының бәсеңдегені байқалды. Ереван әкімшілігі қақтығыс туыла қалса, солтүстіктегі қолдаушыларынан күткенін ала алмауы мүмкін. Сол себепті жаулаушы Армения шабуылшы қадамдарын байқап басқаны абзал.

Таулы Қарабах мәселесін шешу мақсатымен құрылған Минск тобының әлсіз қалғаны айқын. Мәселені шешу үшін Түркияны қамтыған жаңа бір халықаралық механизм құрылуы керек. Мысалы Астана үштігі бұл мәселеге кірісуіне болады. Өйткені Қарабах мәселесі аталған үш елмен де байланысты.

Қорыта айтқанда, Таулы Қарабах қайтарып алынып, әділет орнағанға дейін бұл күрес жалғасады.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.

 



Ұқсас жаңалықтар