Тасшөптің денсаулық саласында кеңінен қолданылғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 29

1452068
Тасшөптің денсаулық саласында кеңінен қолданылғанын білетін бе едіңіз?

Шығу тегі Жерорта теңізі болған және Түркияда көптеген түрі өсетін тасшөптің денсаулық сақтау саласында кеңінен қолданылғанын білетін бе едіңіз?

Өсімдіктерді жалпы ауырған кезде қолдану адамзат тарихындай ескі ... Тасшөп – халық емшілігі саласында ежелден бері қолданылып келе жатқан өсімдік. Біріншіден дәмдеуіш ретінде пайдаланылған тасшөп майлы және ауыр тағамның дәмін арттырады, ас қорытуды жеңілдетеді.

Шипалы шөп ретінде тасшөп халық арасында көптеген мақсатта қолданылады. Өкпе, бронх, асқазан және ішек ауруынан арылуға көмектеседі. Жөтел мен жоғарғы тыныс жолдарының қабынуында шай ретінде ішеді және ауыз шайып қолданылады. Тасшөп ісінуге қарсы да ықпалды. Қан айналымын реттейді, қандағы қантты төмендетеді және ішек паразиттерін жоюда тиімді.

Өкінішке орай сансыз пайдасы бар тасшөп егер абайсыз қолданылғанда зиян келтіруі мүмкін. Қалқанша безі бұзылған және жүкті әйелдерге кері әсер етуі ықтимал. Тасшөп майының хроникалық бауыр ауруы барлар үшін жағымсыз екендігі белгілі, сондықтан оны мұқият қолдану керек.



Ұқсас жаңалықтар