Түркияның хош иісті өсімдіктердің атажұрты екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 28

1449462
Түркияның хош иісті өсімдіктердің атажұрты екенін білетін бе едіңіз?

Түркияның медициналық және хош иісті өсімдіктерді өсіру саласында басшылық жасаған елдердің бірі екенін білетін бе едіңіз?

Медициналық және хош иісті өсімдіктер - аурулардың алдын алу, салауатты өмір сүру немесе науқастарды емдеу үшін дәрі-дәрмек ретінде қолданылған өсімдіктерге қойылған атау.

Экологиялық ортаға байланысты көптеген өсімдік түрінің атажұрты болған Түркия медициналық және хош иісті өсімдіктер тұрғысынан да өте бай.

Түркияда қоршаған ортадан жинақталған өсімдік түрлерінің шамамен 100 шақтысы экспортталады. Шамамен 20 түрлi медициналық және хош иісті өсімдік егіледі. Түркия ең көп экспорттаған өсімдіктер арасында тасшөп, көкнәр, лавр, шaй, бәден, зире, сәлбен, магалеб шиесі, қызыл бұрыш және өсімдік шайлар бар.

Тасшөп, зире, лавр және көкнәр экспортында Түркия - әлемнің ең маңызды елдерінің бірі. Жыл сайын шамамен 4-7 мың тонна арасында экспорт жасаған Түркия бұдан 10–16 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс түсіреді.



Ұқсас жаңалықтар